217
Қазақстанда Ресейге қарсы санкцияларға байланысты инфляция өседі деп болжанды
Қазақстанда Ресейге қарсы санкцияларға байланысты инфляция өседі деп болжанды
Алдағы екі жылда Қазақстанда Ресейге қарсы санкцияларға байланысты инфляция өседі. Бұл туралы үкімет отырысында 4 қыркүйекте Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп хабарлайды centralasian.org.
"2019–2020 жылдары инфляция өсуі мүмкін, инфляция белгіленген дәлізден шығып кетуі мүмкін. Біріншіден, бұл Ресейге қарсы санкцияларға байланысты. Екіншіден, ұлттық валютаның әлсіреуінен, үшіншіден, мұнай бағасының түсуінен. Төртіншіден, әлеуметтік шығындар мен несиелердің өсуіне байланысты", – деді Данияр Ақышев.
Ұлттық банк басшысының пікірінше, үкімет пен жергілікті билік Ресейге қарсы санкцияларға байланысы бар нарықтарды анықтау жұмыстарын жүргізуі тиіс. Ақышевтің хабарлауынша, тамыз айында инфляция 0,2 пайыз болды.
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңгенің әлсіреуі бағалар мен тарифтерге әсер ететінін айтты.
Соңғы екі айда теңгенің долларға қатысты құны 7,8 пайызға төмендеді.