Жамбыл тұрғындары нәтижелі түрде жұмыспен қамтылуда

Жамбыл тұрғындары нәтижелі түрде жұмыспен қамтылуда

Жамбыл тұрғындары нәтижелі түрде жұмыспен қамтылуда
ашық дереккөзі
410
Жұмыссыздықпен күрес жолында түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Соның бірі- «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасы. Жамбыл облысында бұл бағдарлама нәтижелі түрде жүзеге асып келеді. Бүгінде облыстың Қордай ауданында аталмыш бағдарлама аясында тұрақты жұмысқа орналасушылардың қатары артқан. Шағын несие алып, кәсіп дөңгелетемін деушілерге де қолбайлау жоқ. Мемлекет тұрғындарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасауда. Ол үшін қазіргі таңда электронды еңбек биржасын дамыту қолға алынған. Қордай ауданында жыл басынан бері осы бағдарлама арқылы екі мыңға жуық жұмыссыз азамат тіркеліп, олардың біршамасы жұмысқа орналасқан. Ауданда үстіміздегі жылдың алғашқы 6 айында жұмыспен қамту орталығына 1846 азамат жұмыс сұрап келген. Оның 1689-ы жұмысқа орналастырылды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы»  – тұрғындарды жұмыспен қамтуда өте тиімді құрал. Бағдарламаға қатысушылар бір ай ішінде арнайы оқудан өтіп, бизнес-жоба әзірлеп, оны іске асыруға мүмкіндік алады. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының» 2-бағыты саналатын «Бастау-бизнес» жобасы аясында Жамбыл облысындағы бірқатар аудан  тұрғындары өз кәсібін ашып, тірлігін тіктеуде. «Бастау Бизнес» ауыл тұрғындарының әлеуетін арттыруға бағытталған бірден-бір жоба. Өткен жылы жүзеге асырыла бастаған бұл жоба Қазақстанның 80 ауданында іске асырылып,  15 мың адам арнайы курстан өтіп  бизнес сауаттылығын арттырған. Олардың 3 мыңнан астамы өз кәсібін ашты. Аталған ауданда «Бастау-бизнес» жобасы аясында 110 тұрғын өз кәсіптерін жүргізіп отыр. Бұдан бөлек,  шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін алдағы уақытта да үкімет тарапынан көрсетілетін көмек тоқтамайды. Сондықтан, тұрғындар жобасы сәтті жүзеге асса өңірдің экономикасы өрге басатыны анық. Халықтың әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаға Жамбыл ауданының тұрғындары да қатысып, өз кәсібін ашуда. Қазір жұмыс істеп, өз кәсібімді дөңгелетемін деген жанға барлық жағдай қарастырылған. Тек сол іске деген құлшыныс болса болғаны. Жыл басынан бері осындай белсенді жандарға  жобаны түсіндіру мақсатында аудандық  кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері тарапынан 1135 адамға кеңес берілді. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 121 адам оқытылып, 108 бизнес жоспарларын қорғап сертификат алды. Жамбыл облысындағы кәсіптік білім беретін 49 колледжде бүгінде 93 мамандық бойынша 27 мыңға жуық студент білім алуда. Мемлекеттік бағдарламаларды  орындау мақсатында облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тікелей тапсырмасымен өңірдегі кәсіптік-техникалық білім беру саласына бірқатар өзгерістер енгізілді. Еңбек нарығының қажеттілігі бар аудандар мен Тараз қаласы әкімдері және тиісті басқармалардың қажеттілігі бойынша 1 жылға 8028 орын жинақталды. Осы ұйымдарға биылғы оқу жылына 5000-нан аса мемлекеттік білім тапсырыс бөлінді. Бұдан бөлек, жаңа оқу жылынан бастап, техникалық және кәсіптік білім беру саласында білім мекемелері, жұмыс беруші мен білім алушының жауапкершілігін арттыру үшін 3 өзгеріс енгізілді. Біріншіден, жұмыс беруші мен колледж арасында келісімшарт жасалады. Екіншіден, аудан әкімдері, жұмыс беруші және коллледж арасында үшжақты меморандум бекітілді. Оған қажеттілікке тапсырыс берген 1453 мекеме қолдау білдіріп отыр. Бұл мекемелер ертеңгі күні жас маманды жұмыспен қамтуға кепілдік береді. Үшіншіден, оқу ордасы өндіріс орындарының талаптарына сай маман дайындауға міндеттеледі.

Серіктес жаңалықтары