Жамбыл облысының мектептеріне 500 мұғалім қажет

Жамбыл облысының мектептеріне 500 мұғалім қажет

Жамбыл облысының мектептеріне 500 мұғалім қажет
ашық дереккөзі
471
Жамбыл облысында биылғы оқу жылында 9 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 7 мектеп жабылды, деп хабарлайды 24.kz. Жаңа білім ошақтарының есебінен өңірдегі 7 апатты жағдайдағы мектеп бұзылады. Қалған білім ошақтарының мәселесі 2020 жылға дейін шешіледі деп жоспарланып отыр. Ал жұмысын тоқтатқан мектептердің оқушылары бұдан былай қатынап оқиды. Жалпы, өңірде 35 елді мекенде мектеп жоқ. Оларды тасымалдауға 88 автобус қарастырылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифинг кезінде білім басқармасы басшысының орынбасары мәлімдеді. Сонымен қатар облыста биылдан бастап 3, 6 және 8 сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқитын болды. Сондай-ақ аймақ мектептерінде тұңғыш рет «Өлкетану» курсы жүреді.

Серіктес жаңалықтары