Азиада-2018: Қазақстандық теннисшілер алғашқы жүлдесіне қол жеткізді

Азиада-2018: Қазақстандық теннисшілер алғашқы жүлдесіне қол жеткізді

Азиада-2018: Қазақстандық теннисшілер алғашқы жүлдесіне қол жеткізді
ашық дереккөзі
369
Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында  теннистен жұптасып сынға түсуден Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Жакартада жұптасып сынға түскен теннисшілер Анна Данилина мен Гөзаль Айнитдинова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Жартылай финалда Данилина/Айнитдинова жұбы Тайпей спортшыларына 0:2 есебімен есе жіберді. Осылайша, теннисшілер Азия ойындарындағы алғашқы медалін жеңіп алды. Бүгін Бублик/Евсеев жұбы Азиаданың алтынына таласады. Біздің спортшылардың финалдағы қарсыласы - Үндістан командасы.

Серіктес жаңалықтары