Киелі кентке келген көш

Киелі кентке келген көш

Киелі кентке келген көш
ашық дереккөзі
236
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарды көшіру барысымен танысу үшін жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Премьер-министр жұмыс сапарын Түркістан қаласынан бастады. Мұнда мәртебелі қонаққа әкімшілік ғимараттардың құрылысы салынып біткенше (2020 ж. дейін) мемлекеттік органдар орналасатын нысандардың бүгінгі жай-күйі таныстырылды.  Өткен аптаның аяғында ғана облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мыңға жуық адаммен Түркістан шаһарына көшті бастап кіріп, олардың орналасу барысына жан-жақты көңіл бөлініп жатқан болатын. Ол көштің құрамында облыс әкімі мен облыс мәслихаты аппаратының қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қызметкерлері, облыстағы құзырлы органдардың басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ, облыстағы 28 аумақтық департамент пен 24 облыстық басқарма  басшылары мен қызметкерлері болған еді. 11 автобус пен арнайы көліктерге жайғасқан көш құрамын Түркістан қаласының әкімдігі күтіп алған болатын. Облыс орталығын аралап көру барысында Премьер-министрге орын ауыстыру жұмыстарының бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқаны жеткізілді. Атап айтқанда, Елбасы Жарлығы шыққалы бергі екі айға жуық уақыттың ішінде облыстағы 27 жергілікті атқарушы органның 22 басқармасының ауысқаны, сонымен қатар 14 аумақтық органның өкілдері бүгінде Түркістанда қызмет етіп жатқаны баяндалды. Ал келесі жылы барлық ведомстволарды көшіру жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Оның ішіне облыс әкімдігі, 24 салалық басқарма, мәслихат аппараты, тексеру комиссиясы кіреді. Бұдан өзге, тоғыз бюджеттік ұйым көшіріледі. Бірінші кезеңде 842 адам ауысады, қалада олар орналасатын ғимараттар анықталған, қажетті коммуникациямен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйі жоқ мемлекеттік қызметкерлерге жатақханалардан орындар дайындалған.  

Сейітхан Зеберханұлы

Түркістан облысы

Серіктес жаңалықтары