288
Қазақ ауылында жергілікті тұрғындар туристерге шабуыл жасаған
Қазақ ауылында жергілікті тұрғындар туристерге шабуыл жасаған
Алматы облысындағы Жоңғар Алатауында жаппай экспедиция жасап жүрген адамдарға жергілікті тұрғындар шабуыл жасаған. Бұл ақпарат Kazakh Tourism ұлттық компаниясының ресми сайтында жарияланды.
"Бір топ жергілікті тұрғын Алматы облысы Қапал ауылындағы экспедиция мүшелеріне, олар дүкенге су алуға бара жатқанда, шабуыл жасады. Экспедиция құрамында қазақстандықтар мен шетелдіктер болды. Туристерге шабуыл қатты ашуымызды туғызды. Бұл елдің абыройына кері әсер етеді", - деп хабарлайды Kazakh Tourism.
Бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Kazakh Tourism компаниясының ақпаратына сәйкес, экспедиция құрамында тележурналистер, туроператор өкілдері, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер болған. Олардың ішінде Швейцария фотографы Кай Гроссманн, британдық саясаткер, фотограф Джэк Хардин және қазақстандық тревел-блогер Андрей Кулагин болған. Экспедиция қорытындысы бойынша Kazakh TV телеканалынан арнайы хабар көрсетіледі.