268
Қарағандылық шебер ағаштан танымал тұғалардың мүсіндерін жасайды
Қарағандылық шебер ағаштан танымал тұғалардың мүсіндерін жасайды
Қарағандылық шебер Кәкіш Амантай Бұқар жыраудың 350 жылдығына балқарағайдан 20 шақты тарихи тұлғаның мүсінін жасап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шебер осыдан 15 жыл бұрын кішігірім мүсіндерді жасау ісіне қызыға бастаған. Бастапқыда жұмыстары адамдардың қызығушылығын танытады деп ойламаған. Қарапайым ауыл тұрғыны Амантай Кәкіштің шеберлік ісі осылайша бастау алған. Ер адам жұмыстарын балқарағай ағашынан жасайды.
«Мен бұл іспен 15 жылдан астам уақыт айналысып келемін. Бүгін Бұқар жыраудың 350 жылдығына арнайы көлемі кішкентай 20 мүсін дайындадым. Бұқар жырау бейнеленген мүсіндерді екі үстелге жайып тастадым», - деді Амантай Кәкіш.
Бұдан бөлек, шебер келешекте әртүрлі көрмелерге қатысуды жоспарлап отыр.
Оның айтуынша, бір мүсінді дайындауға екі күн кететін көрінеді.
«Менде қазір шамамен әртүрлі 50 мүсін бар. Олардың арасындағы ең танымалдары - үш биіміз, Қажымұқан, Абылай хан мен қазақ батырлары бейнеленген мүсіндер. Ұлым да бұл кәсіпке қызығушылық танытады, қолынан шыққан туындылары жаман емес», - деді шебер.
Шебердің бір туындысы 5 мың теңге тұрады. Алайда ер адам бүгін жұмыстарын сатпай, тек жұртшылықтың назарына ұсынуды жөн көріпті.