381
«Көк-төбе Opera-2018» ашық аспан астындағы музыка фестивалі өтеді
«Көк-төбе Opera-2018» ашық аспан астындағы музыка фестивалі өтеді
Алматыда мегаполис халқы үшін дәстүрлі мәдени шаралардың біріне айналып үлгерген «Көк-төбе Opera - 2018» фестивалі өтеді. Биыл 3-ші жыл ұйымдастырылып отырған фестиваль екі күн қатарынан – 25-26 тамыз күндері ұйымдастырылмақ.
Фестивальді ұйымдастырушы Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының хабарлауынша, опера жанрының талғампаз тыңдарманы бұл жолы кештің басты қонағы Винченцо Костанцаның өнерін тамашалай алады. Сондай-ақ, классикалық ән мерекесінде симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының танымал солистері мен опера жұлдыздары әлемнің ең үздік композиторларының туындыларын орындайды.
«Биылғы фестиваль қала күніне тарту ретінде арнайы ұйымдастырылып отыр. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев», дейді ұйымдастырушы Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасы.
Еске сала кетейік, «Көк-төбе Opera» фестивалі алғаш Алматыда 2016 жылы әсем қаланың 1000 жылдығына орай шымылдығын ашқан болатын. Содан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан фестиваль өнер шыңы – опера тыңдарманының сүйікті мерекесіне айналды.
Нақтырақ айтқанда, алматылықтар мен қала қонақтары Лиссабондағы «Сан-Карлуш», Модендегі Лучано Паваротти, Неапольдағы «Сан Карло» театрларының солисі Алехандро Рой, Винченцо Костанца сынды саңлақтардың өнеріне тәнті болған. Сонымен қатар, фестивальда ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Талғат Күзенбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Баспақова, Гүлзат Дәуірбаева, Оксана Давыденко, Дана Таласбекова, Қайрат Өмірбеков, Венера Алпысбаева, Александр Сметанин, Эмиль Сакавов және Елена Никонова сынды халықаралық конкурстардың лауреаттары өнер көрсетіп келеді.
Биылғы кеште де Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әйгілі солистері негізгі композицияларды орындайы.
Дирижер Алан Бөрібаев классикалық музыка мерекесіне қатысты БАҚ-қа берген сұхбатында Көк төбеде өткізіліп келе жатқан фестиваль көрерменге дүниежүзілік деңгейдегі өнер ордаларының шығармашылығын жақын таныстырады деген болатын.
«Мен бірқатар мемлекетте табиғат аясында өткізілген концерттерде дирижерлік еттім. Тынық мұхитының жағалауында Австралияда өткен сондай бір керемет концерт әлі есімде. Көк төбедегі фестиваль тыңдарманға дүниежүзілік деңгейдегі өнер ордасының шығармашылығын жақын таныстырады», – деді Алан Бөрібаев.
Фестиваль кешкі сағат 20-00-де басталады.
IIІ ежегодный фестиваль музыки под открытым небом «Алматы Кок-Тобе Opera - 2018»
В Алматы 25 и 26 августа в парке отдыха Кок Тобе в 20:00 часов состоится IIІ ежегодный фестиваль музыки под открытым небом «Алматы Кок-Тобе Opera - 2018».
«Это один из значимых фестивалей южной столицы Казахстана, где Вы сможете услышать голоса лучших солистов и приглашенных звезд оперы, а так же увидеть мировые номера балета под сопровождением симфонического оркестра Казахского Государственного Академического театра оперы и балета имени Абая», - сообщает организаторы мероприятия Акимат города Алматы.
Специальный гость фестиваля - Винченцо Костанца! Под руководством дирижёра, заслуженного деятеля Республики Казахстан, Алана Бурибаева, симфонический оркестр Казахского Государственного Академического театра оперы и балета имени Абая исполнят произведения из шедевров мировой классической музыки. По словам организаторов первый раз фестиваль был организован 2016 году в честь 1000 летие города Алматы.