351
Астана көшелерінің біріне Шыңғыс Айтматов есімі берілді
Астана көшелерінің біріне Шыңғыс Айтматов есімі берілді
Қазақстан астанасы – Астана қаласындағы көшелердің біріне Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың есімі берілді, деп хабарлайды centralasian.org.
16 тамызда өткен жаңа көшені ашу салтанатына Қазақстан және Қырғызстан премьер-министрлері Бақытжан Сағынтаев пен Мұхаммедқали Абылғазиев қатысты.
Жаңа көшеге Айтматовтың есімін беру - жазушының 90 жылдығына арналған мерейтойы қарсаңында өтті.
Бұл күндері Астанада Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл жиында екі елдің қарым-қатынасын дамытуға арналған өзекті мәселелер көтеріледі.