1718
Алматы зообағына ерекше жануар әкелінді
Алматы зообағына ерекше жануар әкелінді
Алматы зообағына Хабаровск зообағынан сүтқоректілердің жаңа түрі әкелінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы зообағы ашылғалы бері 80 жылда тұңғыш рет күзен тұқымдас ерекше сүтқоректі - харза әкелінді.
Жануар 2018 жылдың шілдесінде Хабаровск қаласындағы зообақтан жеткізілді.
Сүтқоректі қазір жаңа мекеніне үйренісіп жатыр.
Харза́ - кеудесі жирен түсті күзен, жыртқыштар тобына жатады.
Олардың денесінің ұзындығы 55-80 см, құйрығы 35-44 см, салмағы 5,7 келі шамасында болады.
Барлық күзен тұқымдастар сияқты харзалардың да кеуде бұлшықеттері мықты қалыптасқан.
Сонымен қатар, Алматы зообағына Чехиядан төрт лемур жеткізілді.
Алғашқы екі лемур көктемде Франция зообағынан әкелінген болатын. Жануарлар жаңа климаттық ахуалға бейімделіп келеді.