Ломбок аралында жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 91-ге жетті

Ломбок аралында жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 91-ге жетті

Ломбок аралында жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 91-ге жетті
ашық дереккөзі
Индонезиядағы Ломбок аралында жер сілкінісі салдарынан көз жұмғандар саны 91 адамға жетті. Бұл туралы Associated Press хабарлайды. Бірнеше мың адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Бұдан басқа мыңдаған адамның үйлері зақымдалған. Куәгерлердің айтуынша, жер сілкінісі өте қатты болып, оның жерасты дүмпулері Бали аралында да сезілген.