294
Талапкерге талап күшті
Талапкерге талап күшті
Бүгінгі таңда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына еліміздің барлық қорғаныс істері департаменттерінен және де Республикалық әскери мектептерінен іріктеліп 295 талапкер оқуға тапсыруға өтініш білдірді. 2018 жылдың 20 мен 26 шілде аралығында ҰБТ мен КТ тапсырған азаматтар құжаттар тапсырса, шілде айының 30 на Республикамыздың Алматы қаласындағы Б.Момышұлы, Астана қаласындағы С.Нұрмағамбетов, Шымкент қаласындағы С.Рахимов, Қарағанды қаласындағы Т.Бегилдинов атындағы «Жас ұлан» әскери мектептері жәнеде мамандандырылған «Арыстан» лицейінің түлектері құжаттарын тапсырды.
Талапкерлерді тамыз айның 10 на дейін төрт кезеңнен тұратын сынақтар күтіп тұр.
Біріші кезең – кәсіби психологиялық іріктеу, екінші кезең – әскери дәрігерлердің медициналық сараптамасы, үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығы, төртінші кезең – конкурстық іріктеу мен есепке алу. Осы аралықта талапкерлер әскери институт аймағында тегін жататын орынмен тамақпен қамтамасыз етіледі. 10 тамыз күні Қорғаныс министрлігі тарапынан тағайындалған лауазымды комиссия мүшелерінің қатысуымен мандаттық комиссияның шешімі жарияланады.
11 тамыздан бастап толыққанды оқуға түскен азамттарға жауынгерлік дайындықтың жоспарына сәйкес, дәрістермен жаттығулар басталып, алдағы айтулы күн әскери ант қабылдау рәсіміне дайындалады.
Әскери оқу орны Радиобайланыс және радионовигация, Радиотехника, Көпасалалы және бір салалы зенитті-зымыранды әскерлер, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, Радиоэлектрондық күрес және радиоэлектронды барлауды ұйымдастыру, Автоматты басқару жүйесі, байланысты ұйымдастыру мен радионовигация, Ақпараттық технологияның қауіпсіздігін ұйымдастыру мамандықтары бойынша мамандар дайындайды. Биылдан бастап әскери институт кибер қауіпсіздік мамадығы бойынша мамандар дайындауды қолға алды. Ұжымдық қауіпсіздік келісімінің ұйымы аясындағы әскери шарттарға сәйкес, Қырғызстан Республикасына әскери мамандар дайындайды.
Полковник Мұстабеков Асқар Досбосынұлы басқаратын Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, еліміздің және Орта Азиядағы теңдесі жоқ алдыңғы қатардағы әскери кадр мамандарын дайындайтын әскери жоғарғы оқу-орындарының қатарында. 2001 жылы Үкімет қаулысымен негізі қаланған әскери оқу-орны, бүгінгі таңға дейін оқу қабырғасынан 1714 офицерді түлетіп ұшырды. Түлектеріміз Қарулы Күштерінің сапында бригада, батальон, рота командирі есебінде еліміздің мызғымас тәуелсіздігін күзетуде. 150 ден аса түлектеріміз Президент күзет қызметі, ҰҚК, Ұлттық Ұлан, Шекра қызметі,Төтенше жағдайлар қызметі, Ішкі Істер министрлігінде абыроймен міндеттерін атқаруда.
Осы уақытқа дейін институт курсанттары Ресей Федерациясының: Воронеж, Смоленск, Санкт-Петербург, Ярослав, Кострома, Дилижан қалаларында өткен ғылыми Олимпиадаларға белсенді түрде қатысып, үздік көрсеткіштерге қол жеткізді.
Институт курсанттары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары білімнің білім беру ұйымдары курсанттарының математика пәнінен III және IV Халықаралық олимпиадасын жеті мемлекет арасынан қатарынан екі рет күміс жүлдегері атанды.
Оқу үдерісі кезінде курсанттар дене шынықтырумен қатар, спорттың барлық түрлерімен айналысады. Институт офицерлері, сержанттары және курсанттары спорттың әр түрінен; Дания корольдігі, Швеция, Мәскеу, Санкт-Петербург, Самара, Эквадор, Қырғызстан Республикасында халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүр. Институт қабырғасынан 14 Қазақстан Республикасының спорт шебері дайындалса 36 - ы спорт шеберлігіне үміткер атанды.
Биыл әскери институттан 214 лейтенант түлеп ұшса оның 38-і оқу үздігі, 11-і алтын медаль иегері болды.
Бүгінгі күні институт қабырғасында жоғарғы кәсіби деңгейдегі профессорлық-оқытушылар құрамы қызмет атқарады. Атап айтсақ 4 ғылым докторы, 10-нан аса ғылым кандидаты және 84 ғылым магистрлері курсанттарға сапалы білім беруде.
Бір даңқты қолбасшы айтқан екен, «Өз еліңнің Армиясын қамтамсыз етпесең өзге елдің Армиясын асырайсың», деп. Бүгінгі таңда әскери институт ұжымы Қорғаныс министрі тарапынан қойылған талаптармен міндеттерді толықтай орындап, білім сапасын арттыру жолдарын жалғастыруды көздеп отыр. Осыған орай биылғы талапкерлерге де талапты күшейтіп, Отанымыздың болашақ офицерлерін дайындау мақсатында аянбайтыны анық.
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік
институтының баспасөз қызметінің бастығы
запастағы майор Ербол Алибаев