266
Министр сырттай оқудың неліктен жойылғанын түсіндірді
Министр сырттай оқудың неліктен жойылғанын түсіндірді
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қазақстанда сырттай оқудың жойылуы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда сырттай оқу формасының жойылатыны туралы ақпарат тарады. Осы рас па? Егер рас болса, екінші жоғары білімді алу үшін және орта арнаулы білімнен кейін қанша жыл оқу қажет? Қазір сырттай оқу күндізгі оқуға қарағанда біршама арзан. Сырттай оқу жойылған соң, төлемақы қанша болады?» - деп жазды Асылжан Баймағамбетов. Ерлан Сағадиев елде сырттай оқу 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылатынын айтты. Ал сырттай оқып жүрген студенттер оқуын бітіргенше жалғастыра бермек. Ол жаңа заңнама бойынша жоғары білім бағдарламаларын меңгеру мерзімі алынып тасталғанын жеткізді. «Соған сәйкес, жоғары оқу орындары оқыту нәтижелерін ескере отырып, бакалавриат бағдарламасын жылдамдатылған режимде аяқтауды көздейтін интеграцияланған білім бағдарламаларын әзірлейді», - дейді министр. ҚР БҒМ басшысының айтуынша, жоғары оқу орындарында ақылы оқудың бағасын реттейтін норма да алып тасталған. «Бұл азаматтардың жоғары білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Осыған байланысты, білім бағдарламалары бойынша оқу төлемақысының көлемі мен білім қызметтерін көрсету шартының формасын енді жоғары оқу орындары өздері дербес бекітеді», - деді ол.