Cиырларды робот сауады

Cиырларды робот сауады

Cиырларды робот сауады
ашық дереккөзі
396
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ісспармен Көксу ауданына шығып, ондағы шаруалармен кездесті. Сапар барысында өңір басшысы роботтандырылған сиыр сауатын жүйе жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Балпық би ауылында жеке кәсіпкер Рахым Каримов тауарлы-сүт фермасын 2017 жылы іске қосқан. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асырылған жоба құны 1,3 млрд теңге. Шаруашылыққа Германиядан 334 бас «Голштейн» сиыры әкелінді. Қазіргі таңда 309 басы бұзаулап, 4 роботтандырылған кешенмен сауылып жатыр. Әр сиыр тәулігіне 30 литр сүт береді. Әр бастың жылдық өнімділігі 9 мың тонна сүт. Бұл инновациялық жобаның басты мақсаты - өңірде сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамытып, жергілікті өндіруші кәсіпорындарды сапалы өніммен қамту. Жыл соңына дейін тауарлы-сүт фермасы 66 тайынша әкелуді жоспарлап отыр. Ал, шаруашылықта 25 адам еңбек етеді. Кәсіпорынның жұмысымен танысқан Амандық Баталов Алматы облысында дәл осындай заманауи бағыттағы фермалардың саны артатынына сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары