Халықаралық ауқымдағы бірегей іс-шара

Халықаралық ауқымдағы бірегей іс-шара

Халықаралық ауқымдағы бірегей іс-шара
ашық дереккөзі
218
Армия ойындары – бұл халықаралық ауқымдағы бірегей іс-шара. Үлкен қызығушылық туғызып, әскери ойындар халықаралық әскери ынтымақтастықтың, тәжірибе алмасудың жаңа нышанына, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың кепіліне айналды. Әр жыл сайын сайысқа түсу процесі жетілдірілуде. Армия ойындарының бағдарламасына байқаулардың жаңа түрлері енгізілуде, оларды өткізу географиясы кеңейтілуде, қатысушы елдердің саны да ұлғаюда. Биылғы жылы Армия ойындары Ресейдің («Танк биатлоны», «Әскреи барлау үздіктері», «Авиадартс», «Қару шебері», «Эльбрус сақинасы», «Әскери-медициналық эстафета», «Далалық ас үй», «Адал дос», «Күзет сақшысы», «Жол патрулі», «Автоброньды танкті техника шеберлері», «Қауіпсіз орта», «Десанттық взвод», «Ашық су», «Инженерлік формула», «Рембат», «Әскери ралли»), Қазақстанның («Сұңқардың аңшылығы», «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Сенімді айла-тәсіл»), Әзербайжанның («Теңіз кубогы»), Арменияның («Достастық жауынгері»), Беларусьтің («Мерген шебі»), Иранның («Тереңдік) және Қытайдың («Теңіз десанты», «Суворов қысымы», «Ашық аспан», «Қауіпсіз бағдар») жеті мемлекетінде өтеді. Армия халықаралық ойындарының 28 байқауынан қазақстандық әскерилер 14-іне қатысады. Қазақстан Қарулы Күштерінің командалары Армия халықаралық ойындары – 2018 сайысының байқауларына қатысу үшін кетті. ҚР ҚК құрама командалары құрамында 300-ге жуық әскери қызметші Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясына АрХО-2018-дің халықаралық байқауларына қатысу үшін жөнелтілді. АрХО қатысушылары күрделі көп деңгейлі іріктеуден өтті. Бірнеше ай бойы түрлер мен әскер тектерінің, «Астана», «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының үздік әскери қызметшілері іріктелді. Оларға ойындарда өз елдері мен Қарулы Күштердің намысын қорғауға тура келеді. ҚР аумағында «АрХО-2018» шеңберінде мынадай халықаралық байқаулар өтеді. Оның ішінде, «Артиллериялық оқ ату шеберлері», әскери байланысшылардың «Сенімді айла-тәсіл» байқауы және ұшқышсыз ұшу аппараттарының «Сұңқардың аңшылығы» сайысы өтеді. Қазақстандағы ойындардың салтанатты ашылу рәсімі 1 тамызда өтеді, сайыс 9 тамызда аяқталады. Қазақстандық әскери ұшқыштар Ресей Федерациясының аумағында Армия халықаралық ойындары шеңберінде өткізіліп жатқан «Авиадартс-2018» байқауына қатысу үшін 4++ үлгісіндегі СУ-30СМ майдандық және армиялық авиацияның ұшу аппараттарын  тасымалдауды жүзеге асырды. «Авиадартс-2018» байқауына қатысу үшін үздік ұшу және инженерлік-авиациялық құрам іріктелді. Қазақстандық әскери қызметшілер «АрХО-2018» сайысына дайындалу шеңберінде Қорла полигонында ҚХР-дың техникасын игеруде Қорла полигонында (ҚХР) «Суворов қысымы» байқауына қатысушы командалар арасында жеребе тастау арқылы қару-жарақ пен әскери техниканы бөлу өткізілді. Жеребеге сәйкес ҚР ҚК-нің құрамасы 1, 2, 4, 16 нөмірлер бойынша жауынгерлік машиналарда өнер көрсететін болады. Әскери қызметшілер ұсынылған техниканы қабылдап алды, техниканы оталдыруды жүргізді, байланыс пен қару-жарақ тұрақтандырғыштарын тексеруді жүзеге асырды. Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің кораблі «Теңіз кубогы – 2018» халықаралық байқауына қатысу үшін келді Әскери-теңіз салт жорасына сәйкес салтанатты жағдайда ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кораблінің Пута портына соғуы жүзеге асырылды. Онда Әзербайжан Республикасының Әскери-теңіз күштері орналасқан. «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кораблі капитан-лейтенант Руслан Яхяровтың жетекшілік етуімен Әзербайжан Республикасының аумағында АрХО-2018 сайысы шеңберінде өтетін «Теңіз кубогы-2018» суасты корабльдерінің экипаждары арасында теңіз машығы бойынша халықаралық байқауға қатысу үшін келді. Қазақстан «Танк биатлоны-2018» сайысында көк танкілерде өнер көрсетеді. «Танк биатлонында» қазақстандық құрама көк танкілерде сайысқа түседі. Мұндай түс командаға жеребе нәтижелері бойынша берілді. Ресейдегі Алабино полигонында Армия халықаралық ойындары шеңберінде өтіп жатқан «Танк биатлоны» байқауы командаларының жеребесі өтті. Оған командалардың жетекшілері, танк экипаждарының бапкерлері мен мүшелері қатысты. Биылғы жылы «Танк биатлоны» сайысы алтыншы рет өткізілуде. Оның ішінде, Армия халықаралық ойындары шеңберінде төртінші рет. Елдердің саны 4-тен 23 қатысушы командаға дейін ұлғайды. ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері «Эльбрус сақинасы – 2018» байқауында Қазақстанның намысын қорғайды ҚР Қарулы Күштерінің командасы Армия халықаралық ойындары-2018 сайысы шеңберінде «Эльбрус сақинасы» байқауына қатысу үшін Кабардин-Балқарға келді. «Жеке құрам орналастырылды, қауіпсіздік шаралары жеткізілді. Қазіргі сәтте әскери қызметшілер таулы жерге бейімделу курсынан өтуде.  Алда керек-жарақты дайындау, қаруды ретке келтіру және атыс сынау. Дайындық керемет, үздік нәтижелер көрсетуге тырысамыз», - деп хабарлады команда жетекшісі, ҚР ҚМ АОСК Таулы дайындық орталығының бастығы полковник Аман Каймульдинов. Жарыс үш кезеңде өтеді. Бірінші кезең скалодромдағы жеке өрмелеуді, таулы жердегі бағдарлауды, скалодромда тізбектегі  өрмелеуді, таулы кедергілер жолағы мен топ құрамында таудағы оқ атуды қамтиды. Екінші кезең барысында қатысушыларға өзен арқылы параллельді және аспалы өткелден өтуді орындау, тастақты учаскені еңсеру, марш жүгіруді орындай отырып, Ми-8 тікұшағынан десанттауды, көтерілу мен түсуге мұз учаскесін бұзып өту, сондай-ақ жаралыны тасымалдау қажет.  Үшінші кезеңде конкурсанттарға берілген маршрут бойынша қарумен және керек-жарақпен марш жүгіруді орындауға және Эльбрус тауының батыс шыңына (биіктігі – 5642 метр) шығуға тура келеді.

Серіктес жаңалықтары