383
ТІРІНІ ЖАЛМАҒАН ТІЛСІЗ ЖАУ
ТІРІНІ ЖАЛМАҒАН ТІЛСІЗ ЖАУ
Шығыста Жапония су апатынан зардап шегіп жатса, Еуропаның оңтүстігіндегі Грекия өртке орануда. Балқан түбегінде алапат өрттен қаза тапқандар саны 50 адамнан асты. Афинаның қарағайлы орманын шарпыған өрт салдарынан қайтыс болғандардың арасында балалар да бар. 100-ден аса тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың көбісінің халі мүшкіл. Жалын шаһардан 50 шақырым жердегі таулы ауданда тұтанып, лаулаған жалынның түтіні Афинаға дейін жеткен. Тілсіз жаумен күресуге 600-ден аса өрт сөндіруші, 5 тікұшақ пен 300 техника жұмылдырылды. Жергілікті билік Афинаның солтүстік-шығысы мен батыс бөлігінде төтенше жағдай жариялады. Ол ол ма, Грекияның премьер-министрі Алексис Ципрас 24 шілдеде үш тәулік Аза тұту күнін жариялады.