Павлодарлық кәсіпкер вакуумдағы көкөністерді сатуды қолға алды

Павлодарлық кәсіпкер вакуумдағы көкөністерді сатуды қолға алды

Павлодарлық кәсіпкер вакуумдағы көкөністерді сатуды қолға алды
ашық дереккөзі
Павлодарлық кәсіпкер тазартылған көкөністерді вакуумға салып, тұрғындарға сатуды қолға алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. «Green Time PVL» ЖШС-нің басшысы Евгений Резмерицаның айтуынша, вакуумдағы дайын өнімдер  нәзік жандылар үшін өте ыңғайлы. «Қазіргі уақытта әйелдер қауымы ерлермен тең дәрежеде жұмыс істейді», - деді Евгений Резмерица. – Ас үйде тамақ әзірлеу олардың көп уақытын алатындықтан,  жұмыстарын жеңілдету үшін тазартылған көкөністерді сату ойға келді.  Әйел адамдар көкөністерді тазарту кезінде  біршама уақытын  жұмсайды. Кәсіпорын тазартылған көккөністерді тұтастай және кесілген түрінде сатады. Олардың арасында картоп, сәбіз, қырыққабат, сарымсақ бар. Қаптаманың салмағы 300 граммнан бес келіге дейін жетеді. Сақтау мерзімі - алты күнге дейін. «Барлық жұмысты арнайы техника атқарады. Өндіріске үш миллион теңге қаражат салынды. Күніне өнеркәсіпте екі тонна көкөніс жуылып, тазартылып, кесіледі. Бұл құрылғы Беларусь мемлекетінен сатып алынды. Ал вакуумдық машина Қытайдан әкелінді», - деді Евгений Резмерица. Кәсіпкердің сөзінше, «Green Time PVL» ЖШС өнімін «Лидер» сауда нүктелерінде тауып алуға болады. Вакуумдағы көкөністерге үй шаруасындағы әйелдермен қатар дәмханалар да қызығушылық танытуда. «Біз алдағы уақытта жергілікті шаруа қожалықтарымен сөйлесіп, олардың өнімдерін сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, вакуумға дайын пісірілген көкөністерді салып, көкөніс консервілерін шығарып, картоп крахмалын өндірсек деген ой бар», - деді кәсіпкер.