338
Алматыда бір біріне бетпе-бет келе жатқан автобустар соғысты
Алматыда бір біріне бетпе-бет келе жатқан автобустар соғысты

Алматыда екі автобус бетпе-бет соғысты. Оқиға Абай даңғылының бойында «Қазақстан» қонақүйіне қарама қарсы тұста болған.
Апаттың салдарынан қоғамдық көліктердің əйнектері сынып, орындықтар жұлынып кеткен. Жарақат алғандар бар. Оқиғаның мəн-жайын құқық қорғаушылар анықтап жатыр.
Алдын ала болжам бойынша, Достық даңғылының бойында жүргізушісі мен жолаушысы жоқ 12-ші автобус тұрған. Дəл осы жолда қарсы бағытқа бет алған автобус өз жолағынан шығып кетіп, бос тұрған автобусты соққан. Бағытынан ауып кеткен автобуста 10-нан астам адам жарақат алған. Оның ішінде көлік жүргізушісі де бар.