АҚШ президенті Владимир Путинді  Вашингтонға шақырды

АҚШ президенті Владимир Путинді  Вашингтонға шақырды

АҚШ президенті Владимир Путинді  Вашингтонға шақырды
ашық дереккөзі
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Ресей президенті Владимир Путинді биыл күзде Вашингтонға шақырды деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Twitter парақшасына Ақ үй өкілі Сара Сандерс жазды. Ресей тарапына Болтон шақыртуды жіберген. «Президент Трамп Джон Болтоннан президент Путинді күзде Вашингтонға шақыруын сұрады. Тараптар бұл мәселені талқылап жатыр», - деп жазады Сандерс. АҚШ президенті жаңа кездесу терроризммен күрес, Таяу Шығыстағы жанжалды реттеу, ядролық қарусыздандыру және Украинадағы жағдайды шешуге көмектеседі деп есептейді. Ақ үй басшысы Хельсинкидегі америка-ресейлік саммит жалған ақпарат таратқан БАҚ-тан басқа бүкілімізге үлкен жетістік болды деп атап өткен. Бірақ Трамп ресейліктерді Кремльдің америкалық сайлауға араласуы жөнінде тергеуге алу жөніндегі идеядан бас тартты. Трамптың бас тартқаны жөнінде Ақ үй хатшысы Сара Сандерс хабарлады. "Біз президент Путин 12 ресейліктің Құрама Штаттарға келіп, өздерінің кінәсіздігін дәлелдеуге мүмкіндік береді деп үміттенемін", – деп жазады Сандерс. Өткен аптада АҚШ Ресей барлау қызметінің 12 өкіліне Америкадағы сайлауға араласты деген айып тақты. 16 шілдеде Хельсинкидегі кездесу кезінде Путин егер АҚШ-та "Магнитск заңын" қабылдауға түрткі болған Hermitage Capital қорының басшысы Уильям Браудер ісі бойынша АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Майкл Макфолды тергеуге рұқсат берсе, жоғарыдағы ресейліктерді тергеуді ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеген.