Астана капитаны шеберлік танытты

Астана капитаны шеберлік танытты

Астана капитаны шеберлік танытты
ашық дереккөзі
Якоб Фульсанг Тур де Франстың таудағы алғашқы кезеңінен кейін жалпы есепте төртінші орынға көтерілді. Велошабандоз кезеңнің жеңімпазы Джулиан Алифилиптен кейін фавориттер тобында көш бастады. «Бүгін пелотондағы орынға кішігірім талас болды. Таудағы кезеңнің финалында қарсы беттен қатты жел соқты. Сондықтан шабуылдаудың қажеті жоқ екенін түсіндім. Оның үстіне менімен топта бірге келе жатқан жігіттердің барлығы мықты еді. Мен бүгін бірнеше позицияда ойнадым, мұны жақсы нәтиже деп ойлаймын. Алайда нағыз қарсыластар алыста емес, жақында. Сондықтан айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Мен қарсыластарым жайлы ойламауға тырысамын. Бар ойым жарыста. Финалға шығуым үшін не істеу керектігінен де хабардармын. Алдағы күндерді асыға күтемін», - деді Якоб Фульсанг.