Бақыт Сұлтанов нысандарды жекешелендіруге кедергі келтірген министрліктерді атады

Бақыт Сұлтанов нысандарды жекешелендіруге кедергі келтірген министрліктерді атады

Бақыт Сұлтанов нысандарды жекешелендіруге кедергі келтірген министрліктерді атады
ашық дереккөзі
17 шілдеде үкімет отырысы кезінде қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мемлекет меншігіндегі төрт ірі нысанды жекешелендіру кезінде мемлекеттік органдардың кінәсінан проблемалы болып тұр деп мәлімдеді. «Мемлекеттік органдар жекешелендіруге байланысты тиісті шараларды орындамады. Бұл - инвестициялық даму, мәдениет және спорт, қорғаныс және аэроғарыш өндірісі, білім және ғылым министрлігінің нысандары. Қаржы министрлігі мемлекеттік органдарға істі жеделдетуді бірнеше рет ескерткен еді», – деді Бақыт Сұлтанов. 2018 жылдың басынан бері Қазақстанда 82 мемлекеттік нысанды сатуға қойған, оның 35-сі сатылған. Бюджетке түскен қаржы - 30,6 млрд теңге. Бақыт Сұлтановтың сөзінше, қазіргі уақытта 39 ірі нысанды жекешелендіру қолға алынған. Оның екеуі сатылып үлгерген. Алты нысанға қатысты келіссөздер жүріп жатыр екен.