Ауыр қылмыс жасағандар бостандыққа шыға ма?

Ауыр қылмыс жасағандар бостандыққа шыға ма?

Ауыр қылмыс жасағандар бостандыққа шыға ма?
ашық дереккөзі
312
Қазақстанда 5 мыңға жуық сотталған азамат бостандыққа шығуы мүмкін. Еліміздегі құзырлы органдар қылмыстық процесті ізгілендіру аясында қабылданған заңға сәйкес осындай қадамға бармақ. Бұл туралы бас прокурор Қайрат Қожамжаров мәлімдеді, деп хабарлайды almaty.tv. Қайрат Қожамжаров әңгімесін құқық қорғау жүйесіне енгізілген өзгерістер жайынан бастады. Қайта қаралған жүйе ұсталғандар санын 8,4 мыңнан 5,8 мыңға, яғни үш есеге азайтқан. Ал қамауға алынғандар саны 6 мыңнан 4 мыңға дейін төмендеген. Жиында бас прокурор Қазақстандағы қылмыстық процесті ізгілендіру заңына сәйкес темір тордың ар жағындағы бірнеше мың азамат бостандыққа шығуы мүмкін деді. Олардың арасында ауыр қылмыс жасағандар да бар.     «Қылмыстардың 260 құрамы бойынша қоғамдық жұмыс пен бас бостандығын шектеу енгізілуде. Айыппұл көлемі төмендетіліп, 36 құрам бойынша бас бостандығын шектеу мерзімі азайтылуда. Ауыр қылмыстар бойынша жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі 5 жылға қысқартылып отыр. Жалпы, бұл 5 мыңға жуық сотталған азаматты бостандыққа шығаруға мүмкіндік береді», – деді ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаров.

Серіктес жаңалықтары