Астананың 20 жылдығына – «20 қазан палау»

Астананың 20 жылдығына – «20 қазан палау»

Астананың 20 жылдығына – «20 қазан палау»
ашық дереккөзі
403
Астананың 20 жылдығына арналған «20 қазан палау» акциясы өтті. Елордада «ПАЛАУ PАRTY: Астананың 20 жылдығына арналған «20 қазан палау» атты қайырымдылық акциясы өтті деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Шара Қажымұқан, 7/1 көшесінде орналасқан «Студенттік» саябағында Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығы, Қазақстан Студенттер Альянсы мен бірлесіп Қазақстан халқы Ассамблеясы және Астана қаласы әкімдігінің колдауымен ұйымдастырылды. Іс-шара шеңберінде аталған алаңда 4000 адамға арналған 20 қазанда палау даярланды.  Қаладағы балалар, қарттар және мүгедектер уйлеріне арнайы палау жіберілді. Сонымен бірге, Астанада 6 шілде күні туған 20 сәбиге сыйлықтар табыс етілді. Іс-шарда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Л.Прокопенко, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Аманшаев, ҚР мәжілісінің сенат және парламенті депутаттары, дипломатиялық корпустың өкілдері, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері, қонақтар мен қала тұрғындары қатысады. Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасы президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, қоғамдық санасын жаңғырту, этносаралық келісімді және ұлттық бірлікті насихаттау. Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтау, елбасыға жаңа елорданы құрғаны үшін ризашылықты және бүкіл Қазақстан халқына бейбітшілік пен келісімді дамытқаны үшін алғыс білдіру. Елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстан өзбектерінің мәдениеті, өнері, тарихи мұрасы, шығыс қонақжайлығы және ұлттық тағам палауды дайындауымен танысуға мүмкіндік алады.

Серіктес жаңалықтары