Қазақстанда виза беру тәртібі жеңілдетіледі

Қазақстанда виза беру тәртібі жеңілдетіледі

Қазақстанда виза беру тәртібі жеңілдетіледі
ашық дереккөзі
Қазақстан шетелден шақыруды рәсімдеу және виза беру тәртібін жеңілдетеді деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі. Қолданыстағы ережеге енгізілген тиісті өзгерістер шілденің 1-інен бастап күшіне енеді. "Қазақстанға келетін шетелдіктердің шақыру қағаздарын тапсыру мерзімі қысқартылды. Қазақстан Республикасына келуге шақыру визаны алушының болжамды келу күнінее кемінде 5 жұмыс күні бұрын берілуі тиіс. Бұған дейін ол мерзім 14 күн болатын", - делінген министрлік ақпаратында. Министрліктің хабарлауынша, шақыруда келетін адамның тұратын жері мен қозғалыс бағыттары көрсетілгендіктен, виза алған шетелдік азаматқа көші-қон органдарында тіркеуде тұру қажет емес. Қазіргі кезде Қазақстанға ондаған мемлекеттің азаматтары визасы келе алады. Еуропа Одағы елдері, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыне кіретін елдердің, Біріккен Араб әмірліктері, Малайзия, Монако мен Сингапур азаматтарына Қазақстанға 14 күнге дейінгі мерзімге визасыз келулеріне болады. АҚШ азаматтары Қазақстан территориясында 30 күн визасыз жүріп-тұра алады.