26 Маусым 2018, 16:40 1748 0 Білім Назым Тойлыбаева

Математикадан ҚР құрамасы Грекия олимпиадасынан 3-орын алды

Жасөспірімдер арасындағы халықаралық олимпиадада (Родос қаласы, Грекия) Қазақстан құрамасы 22 елдің өкілдері арасында Румыния мен Сербиядан кейінгі 3-орын алса, 7 қонақ елдің ішінде 1-орын алды, бұл жөнінде ҚР БҒМ жанындағы "Дарын" РҒТО баспасөз қызметі хабарлады.

Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

Атап айтқанда, Данат Дүйсенбеков (Астана қаласы, Білім инновация лицейі) пен Нұртас Шынтас (Алматы қаласы, Білім инновация лицейі) алтын алса, Асылбек Олжабаев (НЗМ, Алматы қаласы), Тамерлан Бурамбаев (РФММ, Астана қаласы), Тоғжан Шынтай (№165 мамандандырылған лицей, Алматы қаласы) күміс медаль иеленді. Ал «қола» Ярослав Топоровқа (РФММ, Алматы қаласы) бұйырды. Олимпиадаға барлығы 132 жас математик қатысты.

JBMO-2019 Кипрда өтеді.

Соңғы жаңалықтар