315
Ақтөбелік шебер Әбілқайыр ханның мөрін қайта жасап шықты
Ақтөбелік шебер Әбілқайыр ханның мөрін қайта жасап шықты
Ақтөбелік қолөнер шебері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ерқосай Әбілов Әбілқайыр ханның күміс мөрін қайта жасап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шебер Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің тапсырысы бойынша мөрі бар жүзік, қанжар мен күміс төс белгінің көшірмесін жасап шықты. Бадам тәрізді мөрі бар жүзікте араб тілінде Әбілқайыр ханның есімі жазылған. «Мен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің тапсырысы бойынша күміс жүзікті Әбілқайыр ханның мөрінің суретіне қарап отырып жасадым. Сондай-ақ, тапсырыс бойынша қанжар мен күміс төс белгіні де әзірледім. Төс белгіде Кіші жүз қазақтарының бірлігі - «үш Арыс» белгісі бар, оның айналасында 25 рулық тайпа бейнеленген. Белгінің жоғарғы жағында араб тілінде Әбілқайыр ханның аты мен атағы - «Әбілқайыр баһадүр хан хазіретті ибн сұлтан» ойылып жазылған», - дейді шебер. Қанжар мен төс белгінің дизайнын шебердің өзі жасаған. Бұл жәдігерлер биыл жаңа ғимаратқа көшетін облыстық тарихи-өлкетану музейіне беріледі.