Түркіменстан президенті көлік құрастырып, оны сынақтан өткізді 

Түркіменстан президенті көлік құрастырып, оны сынақтан өткізді 

Түркіменстан президенті көлік құрастырып, оны сынақтан өткізді 
ашық дереккөзі
Түркіменстан президенті жоғары жылдамдықтағы спорт көлігін құрастырып, оны өзі сынақтан өткізген. Бұл жайында Түркіменстанның бұқаралық ақпарат құралы жаппай көрсетіп, насихаттап жатыр, деп хабарлайды centralasain.org. "Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өзі сызған сызба бойынша аса жоғары жылдамдықпен жүретін спорт көлігін өз қолымен құрастырып шықты. Сосын оның мүмкіндігін сынақтан өткізді" деп хабарлады ТДХ мемлекеттік ақпарат агенттігі. Ресей басылымдардың хабарлауынша, бұл 19 маусымда ол Ашхабадтағы спорт көлігі орталығына барған кезде болған. Мемлекет басшысымен бірге ұлы Сердар еріп барған. "Көліктерді қарап жатып түркімен лидері қозғалтқыштарын тексерді. Дөңгелегін және басқа қосалқы бөлшегін ауыстырған. Сосын эстакадада маңызды жүрме бөліктерінің агрегаттарын қарап шығып, мықтылығын тексерді. Президент кез келген істі аса жауапкершілікпен қарайтынын басқа да істерінен көреміз. Атап өту керек, президент вело- және авто жарыстарда өзі атсалысып ғана қоймай, оның ғажап инженерлік танымы бар екенін көруге болады" деп жазады мемлекеттік басылымдар. Түркімен президенті жарыс көліктерін жүргізуден басқа, ат шабысы, веложарыс, шығыс жекпе-жегі, гольф секілді спорт түрлерінен өзінің шебер екенін де көрсетіп келеді. Бұдан бөлек ол әртүрлі тақырыптағы 40-қа жуық кітаптың авторы. Оның бірнеше ғылыми атағы бар. Сонымен бірге былтыр қару-жарақты қалай қолдану керектігін сарбаздарға үйретіп, оқу-жаттығу жүргізген. Қазіргі кезде Түркіменстан «Амуль-Хазар 2018» халықаралық автораллиге дайындық жүргізіп, Ұлы Жібек жолымен веложарыс және жеңіл атлетика өткізуді қолға алып жатыр. Бұл шараны түркімен президенті тікелей өзі қадағалап отырады.