234
Трамп шілдеде Путинмен кездесуі мүмкін екенін айтты
Трамп шілдеде Путинмен кездесуі мүмкін екенін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен шілде айында кездесуі мүмкін екенін мәлімдеген. Бұл жайында Bloomberg хабарлайды.
Агенттік екі ел президенті Брюссельде өтетін НАТО саммитінде кездесуі мүмкін деп болжайды. Саммит 11-12 шілдеде өтеді. Екінші болжам – Ұлыбританияда кездесуі мүмкін. Себебі Трамп саммитен кейін бірден Ұлыбританияға бармақ.
Бейсенбі күні Ақ үй АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің Мәскеуге баратынын ресми растады. Джон Болтон Трамптың Путинмен кездесу мәселесін талқыламақ. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ресми өкілі Гаррет Маркис келесі аптада Болтонның Лондонға және Римге баратынын, сосын Мәскеуге аттанатынын мәлімдеді.
Осыған дейін БАҚ Ресей мен Құрама Штаттар лидерінің кездесуі Брюссельде НАТО саммитінде болуы мүмкін екенін хабарлаған. Енді бір ақпарат көздері президенттер Венада кездесуі мүмкін дейді.
19 маусымда Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков НАТО саммитіне дейін Путиннің Трамппен кездесуін жоққа шығарды.