Талдықорғанда үшінші адам менингит күдігімен ауруханаға түсті

Талдықорғанда үшінші адам менингит күдігімен ауруханаға түсті

Талдықорғанда үшінші адам менингит күдігімен ауруханаға түсті
ашық дереккөзі
Талдықорғанда тағы бір адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті. Қазір 9 жастағы бала облыстық балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы облысындағы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ерғали Сыдымановтың айтуынша, науқастың жағдайы қалыпты. «9 жасар бала қазір балалар ауруханасында жатыр. Ол Ораза ұстап жүрген екен. Оның үстіне мешітте медреседе оқиды. Соңғы барған жері сол жер», - деді департамент басшысы Е. Сыдыманов. Айта кету керек, өткен тәулікте Талдықорған қаласында менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен 2 адамның ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз. Бұл екі науқасқа да клиникалық тұрғыда аталған диагноз қойылған.