Қуанышқа бөленген ауылдар

Қуанышқа бөленген ауылдар

Қуанышқа  бөленген  ауылдар
ашық дереккөзі

Жуырда Қызылорда қаласына қарасты  Жақыпбек Маханбетов ауылында еңселі ауыл­дық  клуб  пайдалануға берілсе, Талдыарал елді мекенінде жаңа  мектептің  іргетасы қаланды. Екі бірдей ауылдың тұрғындарының қуанышымен ортақтасуға  облыс әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы келді.
 Жақыпбек Маханбетов ауылындағы  клуб құрылысы өткен жылы басталған еді. «Жабдықтау» компаниясы құрылыс жұмысын мерзімінен 5 ай бұрын бітіріпті. Ғимараттың көркемдігінде мін жоқ. 150 орындық уақыт талабына сай салынған клубтың ішінде түрлі үйірмелер,  «Ақ бата» әжелер тобы  жұмыс істеуде. Облыс әкімі  клуб ұжымына теледидар тарту етті.
Қалаға қарасты тағы бір ауыл  Талдыарал елді мекенінде салтанатты түрде мектептің  іргетасы қаланды. Жаңадан салынатын 100 орындық  мектептің құрылысына  371 млн. теңге бөлінбек. Уақыт талабына сай салынатын мектепте спорт зал, асхана, аула алдында ойын алаңдарына дейін тұрғызылады. Сонымен бірге, мектеп  жанынан  25 орындық шағын орталық салынатын болды. Ескі мектебі апаттық жағдайда тұрған Талдыарал тұрғындары  жедел құрылыстың басталуына себепші болған облыс басшыларына ризашылықтарын білдірді. Құрылыс компаниясының жетекшілері тамыз айының 25-не дейін мектепті тапсыруға өз уәделерін берді.