ӘЛЕУМЕТТІК ШИЕЛЕНІСТІҢ АЛДЫН АЛУ – ТЫНЫШТЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

ӘЛЕУМЕТТІК ШИЕЛЕНІСТІҢ АЛДЫН АЛУ – ТЫНЫШТЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

ӘЛЕУМЕТТІК ШИЕЛЕНІСТІҢ АЛДЫН АЛУ –  ТЫНЫШТЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ
ашық дереккөзі
Ақтауда «Маңғыстау об­лы­сында әлеуметтік шиеленістің ал­дын алу және әлеуметтік еңбек дауларын шешу» атты өңірлік тәжірибе алмасу семи­нары өтті. Тақырыбы айтып тұр­ғандай, күнделікті өмірде, еңбек орындарында аракідік бол­май қалмайтын келеңсіз келіс­пеушіліктердің алдын алып, түсінуі қиын тиген түйткілді мәселені тарқатудың маңызы әңгімеленді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында әлеуметтік-еңбек саласындағы қарама-қайшылықтарды реттеудің тиімді көпдеңгейлі тетігін енгізу қажеттілігін айтқан болатын. Маңғыстау облысы кәсіпорындарындағы еңбек қатынастарының қалыптасуы жеңіл болған жоқ . 2013 жыл басталысымен өңірде 6 еңбек дауы бой көрсетті. Олар мазмұн жағынан жалақыны көтеру, еңбек жағдайы мен әлеуметтік пакетті жақсарту секілді мәселелерді көтеріп, талап еткен. Орын алған дау-дамайды шешу барысында олардың астарына үңіле отырып біз құқықты мойындамау, жұмысшыларды жалдаудың, сондай-ақ компаниялардағы бизнес-үдерістің ашық еместігі, компания басшыларының нақты жағдайлардан, жұмысшылардың мұң-мүдделерінен бейхабар болуы секілді жағдайларға тап болдық. Сондықтан мен баршаңызды адамдарды жұмысқа алуда, кадр саясатында барынша байыпты, таза болуға, істі жария жүргізуге шақырамын. Жұ­мысшыларға өздерінің еңбек ақы­ла­рының қалай құралатынын түсіндірудің маңызы зор. Ол үшін кәсіподақтар қозғалысының ролі мен орнын қайта қарастыру керек, өйткені олардың өндіріс және еңбек тәртібін нығайтудағы орыны орасан, – деген облыс басшысы А.Айдарбаев облыстағы кәсіподақтар Кеңесінің қызметін оң бағалап, өңірдегі әлеуметтік ахуал мен шиеленістердің алдын алу бағытында жасалған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев өз сөзінде мемлекеттік органдар мен кәсіподақтардың екіжақты қарым-қатынасын жетілдіруді, еңбекақы қарыздары мәселесін шешуді, еңбек тәртібін нығайту және еңбек жағдайын жақсарту мәселелерімен айналысуды, кәсіподақтар ұйымдарының өркендеуімен бірге «Самұрық-Қазына» әлеуметтік әріптестік Қорымен, орталық органдарымен өзара қарым-қатынасты одан әрі күшейту қажеттігін айтып өтті және кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар басшыларына өндірістегі жұмыс жағдайы туралы тікелей ақпарат алу үшін ұжыммен бетпе-бет жүздесуді тұрақты түрде өткізу жөнінде ұсыныс жасады. Семинарға қатысушылар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Кенжебек Санабаев, ҚР кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Қайрат Амандықов, Маңғыстау облысының кәсіптік одақтар ұйымы Кеңесінің төрағасы Әбдікәрім Ахатов, «Сенім. Әлеуметтік әріптестік және медиация орталығы» жеке мекемесінің басшысы Гүлсима Бержанова өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. – Әлеуметтік еңбек қақ­ты­ғыс­та­рына тек еңбек даулары ретінде қарау дұ­рыс емес, олардың астарында жұ­мысшылардың адами қарым-қатынастары, оларды адам ретінде құрметтеу керектігі жатыр, – деді «Әлеуметтік тұрақтылық рейтингі – еңбек даулары мен шиеленістерін диагностикалау тетігі» тақырыбында баяндама жасаған Әлеуметтік әріптестік орталығының бас директоры Н.Ерімбетов. Тыныштық пен келісім – тәу­ел­сіз Қазақстанның таңдауы. Ол әрбір ұжымда, әрбір ортада қа­лып­тасуы және сақталуы қажет. Кез келген еңбек дауларын заңға сай шешіп, өзара ымыраға келуге, келеңсіздіктердің алдын алуға әрбір азамат құлықты болуы тиіс.

Асыл МҰРАТТАС