«СҰРАУЫ БАР СУДЫҢ ДА»

 

“СҰРАУЫ БАР СУДЫҢ ДА”

  Адамдар
онсыз да тапшы суды ысыр
ап
етуге құмар

Қазақстандық-Неміс
Университетінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен бірлесе
отырып, ғылыми зерттеу нәтижесінде жарыққа шығарған «Орталық Азиядағы су
қорларын бірігіп басқару концепциясы (СҚББК) – қазіргі тәжірибе және алдағы
қадамдар» тақырыбында кітаптың тұсаукесері өтті. Су қорларын аймақтық, ұлттық
және халықаралық деңгейде үнемдеуге үндеген еңбектің басты мақсаты – су қорын
тиімді пайдалану, суды үнемдеу, оның экологиялық тұрғыда тазалығын сақтауға
үлес қосу т.б. қамтиды. Бірнеше ай бойы көз майын тамызып жүріп, зерттеу
еңбегін жүргізген авторлар – техника ғылымдарының докторы, профессор Сағит
Ибатуллин, техника ғылымдарының кандидаттары Әмірхан Кеншимов, Искандер Абдуллаев,
Аурика Галустян.

Шараны ұымдастырушылардың айтуынша, су мәселесіне орай,
Қызылорда қаласында тренингтік орталық ашылыпты. Аталған мекеме су қорын қалай
тиімді пайдалану керектігі жөнінде барынша кең мағлұмат бере отырып, Арал
аймағын қайта қалпына келтіру шаралары да қарастырылуда: «Қолдағы қаражатымыз
аз болса да, инвесторларға, мүдделі топтарға құлаққағыс ету үшін түрлі шаралар
өткіземіз», – дейді.

«Қазақстан-2050» бағдарламасын жоғары бағалаған мамандар жасыл
экономикаға, өндірістік қарқынды кеңейтуге ден қойған Қазақстанға қолдау
білдірді. «Біз судың тіршілік нәрі екенін білеміз. Су – саудагерлердің пайда
табу көзі немесе соғыстың бастауы емес. Суды үнемдеу, оны таза сақтауда әрбір
халықаралық мекеме өз үлесін қосып келеді. Біз осы мақсатта бірігіп жұмыс
істеуге дайынбыз», деген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымның
өкілі Жаннет Клацер ханым бұл тақырып бүкіл әлемге қатысты екенін ескертті. Ал
Германияның  Қазақстандағы Бас
консулдығының атташесі Рабан Рихтер: «Германияның Сыртқы істер министрлігі
министрліктер деңгейінде бірінші рет конференция өткізіп, су қорын, сондай-ақ,
Арал теңізін сақтап қалуға байланысты мәселені көтерді. Аймақтағы ойыншылар мен
мүдделі топтардың көптігі келіссөздердің қарқынды әрі тиімді жүруіне кедергі
болуда», – деп мәлімдеді.

Қырғызстандағы
“Германия табиғатын қорғау одағы” АҚ филиалының жетекшісі Толқынбек
Асықұловтың айтуынша, Қырғызстандағы Ұлттық университетте жаңа бөлім ашып, су
қорларын тиімді пайдалану мәселелерімен шұғылданатын мамандар әзірлеу қолға алса керек.

БҰҰ
шекарааралық суларды қорғау жөніндегі конвенцияның сақтау комитетінің басшысы әрі
кітап авторларының бірі – Сағит Ибатуллиннің айтуынша, соңғы кездері су
тапшылығы сезілуде. Яғни, адамдардың суға деген тұтынушылық сұраныстың күрт
артуы менсуды
үнемдеуге көңіл бөлмеуі әлемдік түйткілдер қатарында: «1992 жылғы БҰҰ-ның Рио
де Жанейродағы конференциясында ауызсу тапшылығы мен су қорының ластануы бүкіл
әлемді бірігіп күресуге мәжбүрлейтіні ескертілді. Ауыл шаруашылығы, өндірістік сала, ауызсу
т.б. су қорларын пайдалану суды үнемдеуді талап етеді. Жерасты суларын
экологиялық тұрғыда зиян келтірмей, елдердің экономикалық және әлеуметтік дамуына пайдаланудың жолдары қарастырылуы
тиіс”.

Орталық
Азиядағы шекарааралық өзендерді бірігіп пайдалану, үнемдеу осы аймақтағы
мемлекеттердің ортақ проблемасына айналған. «Берлиндік су процесі» аталатын
шараның арқасында орталықазиялық аймақтың су саласында тер төгетін мамандары
бірігіп ақылдасуға мүмкіндік алды. Бұл жобаның бастамашысы – Германия үкіметі.
Соңғы кездері су қорларын пайдалануда стратегиялық жоспарлар құруға ұмтылатын
Орталық Азия елдері экологиялық ахуалға баса назар аударуда, ал Орталық Азиядағы
су қорларын бірігіп басқару концепциясы аймақтық және ұлттық деңгейде
пайдалануда.

Қазақстан,
Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты елдерде қабылданған Су кодексіне
тоқталған Аралды құтқару халықаралық қоры Атқарушы дирекциясы басшысының
орынбасары Әмірхан Кеншімов Орталық Азиядағы атқарылған шараға тоқталды:
«Халықаралық ұйымдар, әр елдің үкіметтері тарапынн су қорын үнемдеу, тиімді
пайдалану, су сапасын сақтау сияқты мәселелерде бірқатар ілгерілеушілік бар.
Әлбетте, су қорын үнемдеуде үкіметтер қажетті деңгейде әрекет еткенін қалар
едік». 

Орталық
Азиядағы Аймақтық экологиялық орталықтың атқарушы директоры Искандар
Абдуллаевтың пікірінше, егер қазір су қорын бірігіп басқару қолға алынбаса,
кейін мәселе
ушығып, сан соқтыратын жайттарға әкеп соғуы әбден мүмкін. КСРО кезіндегі су
каналдары коммунистік режим кезінде салынған колхоздық деңгейде қалып қойды.
Тәуелсіздікке қол жеткізген орталықазиялық елдер су қоймалары, су көздері
сияқты бастауларды заманауи тәсілмен өзгерткен жоқ. Су инфрақұрылымының ең
басты проблемасы –
құрылғылардың ескіріп,
әбден тозығы жетуі.

Қазір
су ресурстарын тиімді пайдалануда техникалық жағына көңіл бөлу керек. Кейде
суды өлшеудегі көрсеткіштердің теориялық және тәжірибелік тұрыда сәйкес келмеуі де келеңсіздіктерге
ұласады екен. 

Мақта
өнеркәсібімен айналыстаын бір колхоз бен көкөніс өнімдерін сататын екінші
колхозды мысалға келтірген Абдоллаев өнімдерінен аса көп пайда таппайтындардың
суды үнемдеуге, тиімді пайдалануға және ертең су қоры жете ме, жетпей ме? деген
сұрақпен бас қатыруға аса мұқтаж еместігін айтты: “Кейде бұрын пайда
болған, бірақ қазір шешімін әр деңгейде шешуді талап ететін проблемаларға тап
боламыз. Су насостары сынып қалған ауылдар ауыл шаруашылығымен айналысудан бас
тартады. Зерттеу жұмыстары ол жерде бір емес, бірнеше рет суаруға жететін су
барын анықтайды. Бұл да адамдардың немқұрайдылығы. Кеңестік заманнан қалған
техникалық мүмкіндіктерге деген тәуелділік. Масылдық психология. “Үкімет
насосты жөндеп, жарыққа ақша төлеп беруі тиіс”.

Су
мен жердің проблемасын бөлек қарастырмай, екеуін бірге зерттегендер тобы жер
қыртысын тұз басқанын айтады. Қырғызстан мен Тәжікстан ғалымдары бүгінде бірігіп жұмыс істеуде. Олар су мен жердің мәселелерін
кешенді түрде
қарастыруда.

Балаларға
мектеп қабырғасынан бастап суды үнемдеуге, табиғатты аялауға баса назар аудару керектігін айтқан Аурика Галустян Батыс Еуропадағы озық үлгілі
жобаларды орталықазиялық аймақта кеңінен қолдануға шақырды: «Осы орайда, мамандардың кәсіби
біліктілігін арттыру, техникалық мүмкіндіктерді жетілдіру, түрлі шаралар
ұйымдастыру т.б. қолға алған абзал».

Шарада
сөз алған гидрогеолог, су қорлары жөніндегі тәуелсіз аудитор Анар Тілеулесова
маман тапшылығы туралы мәселе көтерді: «Өкінішке қарай, су шаруашылығының
барлық саласында гидротехник, гидрогеолог сияқты басқа да білікті мамандар
тапшы. Еліміздегі жоғары оқу орындарында су саласына қатысты мамандар дайындауда осалдық танытады. Тек Қазақ
Ұлттық университеті, Политехникалық университет, Аграрлық университет сияқты
санаулы оқу орындарында сәл де болса назар аударылады. Заманауи талаптарға сай,
кәсіби тұрғыда біліктілігі жоғары жас мамандарды дайындауда уақытты жіберіп
алдық. Мен зейнеткерлік жастамын. Бірақ әлі күнге жұмыс істеймін, маман ретінде
сұранысқа иемін. Күн сайын алдыма бірнеше жас әріптесім келіп, білмегенін
сұрап, тәжірибеммен бөлісуді өтінеді. Мен бұған қуана келісемін. Негізі
зейнеткерлікке шығып кеткендердің барлығын жұмысқа қайта алып, маман дайындауға
пайдалану қажет. Атағы дардай мұғалімдердің шын мәнісінде шәкірттерге берері аз
көп жағдайда. Сондықтан қолында дипломы бар жас мамандардың сапасы төмен. Кейде
емтихан қабылдап отырып, студенттерге сұрақ қоюға қорқамын, «жауап бере алмай қалып, сынақтан
сүрініп кете ме»
деп. Сіз оны айтасыз, картадан Арал теңізі мен Балқаш көлін көрсете алмайтын
мамандар бар. Ондайлардан сапалы жұмысты талап етуге бола ма?”.

Кітаптың
тұсаукесерінде жерасты суларын пайдалану құқығы, суармалы жерлердің бөлінісі,
ауыл шаруашылығына кететін суды үнемдеуде адамдардың немқұрайды қарайтыны т.б.
мәселелер айтылды.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Back to top button