ТҮБІ БІР ТҮРКІГЕ ОРТАҚ ТІЛ 30-40 жылда қалыптасуы мүмкін

Соңғы кездегі
түбі түркінің бірлігіне кедергі болатын қиындықтардың ең бастысы тіл мәселесі
екені жиірек еске алынып жүр. Түп негізі бір, тілегі ортақ түркі жұртын
көбіне-көп тіл ғана жақындастырмақ. Сөз өнерін қастер тұтқан түркі халқы
тілінің нәрі мен қасиетін бойына сіңірген ортақ әдеби тіл – туыс халықтарды
ынтымақтастыратын алтын көпір. 90-жылдардан кейiн түркi халықтарының
саяси–әлеуметтiк өмiрiнде тарихи игi өзгерiс, жаңа бетбұрыс болды. 

Туыс халықтарға ортақ
жазу ендiруге, ортақ термин жасауға, ортақ терминком құруға жағдай жасалғаны
қазiргi тiл жанашырларын, отаншыл қауымды ойға қалдырып әрi қызықтырып отыр.
Түрiкшiл идеяны, түрiк әлемiнiң бiрлестiгiн насихаттап, елдiктiң қамын көп болып
жұмыла ойласып, бiр түбiрден тараған туыс халықтардың тiлiнiң, дiнiнiң, рухани
бiтiм-болмысының, мәдениетi мен өнерiнiң ортақтығын, тұтастығын сездiрiп, қайта
қауыштыру – олардың ынтымағын күшейту бағытындағы баға жетпес игiлiктi iс.

Ел мен елдiң бiр-бiрiне
риясыз ұмты­лысын, халық пен халықтың зәузаттық туыстығын, рухани-тiлдiк
жақындығын қасиеттi iс санаған түрiктiң абзал азаматтары болған. Кемал
Ататүрiктiң бастамасымен түрiк тiлiн жаңғыртатын, жетiлдiре түсетiн
лингвистикалық ғылыми қоғам құрылып, түрiк тiлiн көптеген кiрме сөзден
тазартып, олардың орнына орхон, ұйғыр жазбаларынан, жергiлiктi тiл
ерекшелiгiнен алынған көне түрiк сөздерiн енгiзiп, туыс тiлдердегi сөздермен,
кейде жеке қаламгердiң өзi қиыстырған түрiк сөздерiмен алмастырған. Қырым татары
әдебиетiнiң негiзiн салушы, бодандықтың ауыр азабынан қалың ұйқыға кеткен түркi
жұртының санасын оятып, ақыл-өсиет айтқан абзал ағартушы Исмайлбей Гаспиринский
күллi түркi тiлдерiне ортақ орфографияны құрастырмақ болған. «Бiздiң түрiк тiлi
әуелде бiр тiл болып, сонан соң ел бұтақтап өскенде тiл де бұтақталған. Түбiрi
бiр болса да, түрi басқаланып, түрiк тiлiнiң арасына тарау-тарау жiк түскен…
Тiлдiң басқалануына себеп болған әр түрлi бөтен жұртпен сыбайлас болып
араласқандықтан… Егер де Гаспиринскийдiң сөзiн тiрiлтемiз десек, ұлы iс үшiн
ұсақ намысты қойып, түрiктiң тұнық тiлiн, түзу емлесiн алу керек», – деген екен
Ахмет Байтұрсынұлы ағамыз («Тiл тағылымы», Алматы, 1992, 395-б.). «Кеңесiп
пiшкен тон келте болмас» дегендей, түркi тiлдерiне ортақ терминология
қалыптастырудың бағыт-бағдары қандай болуы тиiс? Көнерiп ұмыт болған, орта
ғасыр ескерткiшiнде сақтаулы бүкiл түркi халықтарына ортақ мына төмендегi
сөздердi қайта жаңғыртып, әдеби тiлдiң қажетiне айналдыру – азаматтық парыз.
Бадам – миндальные орехи, пайза – пропуск, бардақ –кувшин, батман – салмақтық
өлшем, тергi–обеденный стол, көншек – iш киiм (көйлек-көншек), келеш – беретка,
етшi – ет сатушы, жамша – бокал, еңлiк – косметика, дуан – облыс, даруға – ел
билеушi, бүршiк – кисточка, бөстек – қырғауылдың мекиенi, жазана–айып тарту,
жазалы ету, маршағай – аласа бойлы жуан кiсi, мұқақ – жүзi қайтқан пышақ, оңат
– жақсы жағдай, сояшар – маралдың екi-үш жасар бұқасы, тамызғы – капельница
(мед.). Сондай-ақ сұпсын, тарағай, сарамжал, сейнек, мұрдыр, салпаяқ, сорын,
сопал секiлдi көнерiп, қалтарыста қалып келген сөздер де бар. Өткендегi ауыз
әдебиетi үлгiлерiн, жергiлiктi ерекшелiктер мен туыс тiлдер фактiлерiн
салыстыру – сөз варианттары жөнiнде құнды материал жинаудың маңызды көзi.
Себебi сөздiң жарыспа тұлғаларының көне заманнан бергi қалыптасқан түрлерi туыс
тiлдерде ұшырасады. Қазiргi қазақ тiлiндегi пәтуа, рәсуа, тәккаппар, шәрбат,
iждиғат, iлтипат, хакiм, хасiл, хикая, уәлаят, қасиет, қасiрет, қауiп, қорек,
құдырет, қатер, кәззап, кәлима, күнәкар, күна, күстана, кәусар, кiнәрат,
кiрпияз, қапер, қадiр, қадiм, қазiр, қабiр, қабiлет, қағiлез, күжбан, тiлмар,
тiлмаш, күләпара, күшала секiлдi әр кезде бiр-бiрiнен ауыс-түйiс ретiнде енген
көпшiлiк түркi тiлiне ортақ сөздер аз емес. Мұндай сөздердiң қайсыбiрiнiң араб
– иран элементi екенiн я түрiк тiлiнен сол тiлдерге ауысқанын да ажырату қиын.
Ол сөздер тым ертеде енгендiктен, төл сөзiмiздей боп кеткен. Әрi араб, иран
елдерi түркi жұртымен ығылым заманнан-ақ қоян-қолтық араласып, олардың тiлдерi
де жымдасып жататын. Таяу уақытқа дейiн қолданған самолет атауын түрiк
тiлiндегi ұшақ сөзiмен ауыстырудың сәтi түстi. Егемен атауын түрiк ағайындар да
қолдана бастапты. Қырғыздар «отан» сөзiн, өзбек, ұйғыр, қырғыз ағайындар
«азамат» сөзiн өз тiлiне ендiруге ынталы көрiнедi. Осындай ауыс-түйiс арқылы
көптеген терминдердiң туыс тiлдердегi сәттi баламасын тауып, тiлiмiздi байытуға
елеулi үлес қосар едiк. Пайыз, рәмiз, синип, уәзипа, мәслихат, пай, бекет,
махалла сөздерi орыс тiлi арқылы енген процент, символика, класс, функция,
заседание, ұпай, станция, квартал сөздерiнiң баламасы ретiнде тiлiмiзде
орнықты. Бiрнеше түркi тiлiнде айтатын хошия – заметка, тарихаят – историзм,
тәмсiл – притча, сардар – генеральный, нәбат – флора, лаңқа – банка, майрампаз
– иллюзионист, гөш – жейтін ет, миллет – ұлт, талаба – медресе шәкiртi, уән –
дивизия, мұхтасар – конспект, мұхтарият – автономия, жұмхұрият – республика,
сағана – мавзолей, мақлұхат – фауна, мұғдарнама – устав, мәдде – материал, хауз
– фонтан, әуiт – водоем, әфсана – предание, уәлаят – область, гөрхана –
усыпальница, айван – шырақ бөлме, уәзипа – функция, дәрiс – лекция, низам –
конституция, нәзiр – министр, масқарампаз – клоун, мұхаррир – редактор, гүлзар
– оазис, мәркизi – центральный тәрiздi әдемi балама атаулар да тiлiмiздi байытып,
көркейте түседi. Жаһат, жаһил, зинһар, сахаба, мұхтариет, идара секiлдi әдемi
де жарасымды баламаларды кәдеге жарата алсақ, құба-құп. Өйткенi баламасын табу
қиын терминдердi өзiмiзге етене жағын түбiрi бiр туыс тiлдерден алу анағұрлым
сiңiмдi болмақ. Түрiк халықтарына ортақ раис, байрақ, миллет сөздерiне
тiлiмiздiң төрiнен орын берсек, ұтпасақ ұтылмаймыз. Мысалы, председатель сөзiне
(төраға) (төрапа), (төрайым), (төрбасы), төрие деген баламаны жарыстыра
қолданбай көптеген түркi халқына тән раис атауын алғанымыз абзал. Тiлiмiзде
бұрыннан бар «хауыз» сөзi тұрғанда фонтанға балама iздеп, бiрде бұрқақ, бiрде
шашыратқыш деп құбылта берудiң не жөнi бар дейтіндердікі де жөн сияқты. Жасуша
(клетка), жантану сөздерiне де туыс тiлдерден жарасымды баламалар табылар едi.
Творчествоны – шығармашылық деп аударғаннан гөрi өзбек, татар, башқұрт т.б.
тiлдердегi қысқа да нұсқа әдемi атау «ижад» сөзiн пайдалансақ, анағұрлым тиiмдi
болмақ деген секілді пікірлер айтылып жүр. 

Тiлiмiз әлi де болса
қалыптасу, дамып жетiлу кезеңiн бастан өткерiп отырған қазiргi таңда әркiм әр
түрлi жазып, баспасөздегi ала-құлалыққа кең жол ашуда. Мұндай әрекеттiң алдын
алудың сенiмдi бiр тәсiлi – сөз нұсқаларының әдеби тiл үшiн тиiмдiсiн төл
тiлiмiзден ғана iздеп-термей, туыс халықтардың сөздiк құрамынан да елеп-екшеп
ала бiлуде. Әсiресе көпшiлiк түркi тiлдерiнде терминология мен атаулар ретке
келмей, сөздердiң дәл баламасы табылмай, терминологияның унификациялануы
қиындыққа кезiгiп тұрған шақта түрiк және басқа тiлдерден сөз алуға батыл кiрiскенiмiз
жөн. Қазақ терминологиясын тiлiмiздiң iшкi болмысына орай жасап қалыптастырудың
тиiмдi жолы осы болмақ деп айта келе, проф. Ө.Айтбаев бүкiл түрiк тiлдерiне
ортақ терминологиялық қор жинау iсiмен шұғылдану керектiгiне тоқталған еді.

Ортақ түркі әдеби
тілін құрастыру барысында туыс халықтар тілін еркін түсінуге жол ашылады.
Біздің көнеден жеткен салт-дәстүріміз, мәдениетіміз, тіліміз бен дініміз бір
болғандықтан, халықтардың етене жақындасуына мүмкіндік туады. Осы орайда ортақ
әдеби тiлге негiз болатын қай тiл деген мәселе тiл жанашырларын ойлантады.
Өткен ғасырдың бас кезiнде мұндай тiлге татар тiлi лайықты деп есептеген
түркiтанушылар болған екен. Алдағы уақытта Түркиямен байланыс өте тығыз
болатындықтан, қайсыбiр авторлардың пiкiрiнше, ана тiлiмiздi компьютерлеуде,
шаруашылық пен қызмет бабында түрiк тiлiнiң тәжiрибесi басымырақ ескерiлетiн
секiлдi. Алайда ұғымдық, сандық, көркемдiк, шешендiк, табиғилық секiлдi басқа
да қасиеттердi таразылағанда қазақ тiлiмен бәсекелесе алатын түрiк тiлi жоқ
деген де пікір бар. Дана бабаларымыздан «Жетi рет өлшеп, бiр рет кес», «Келiсiп
пiшкен тон келте болмас» деген мәйектi сөз қалған. Ортақ әдеби тiл мәселесi
түрiк, қазақ тiлдерiмен қоса өзбек, әзірбайжан, татар, ұйғыр, түрiкмен,
башқұрт, қырғыз секiлдi түркi жұртының 97 пайызын құрайтын көп санды iргелi
елдер тiлiнiң ерекшелiгiне ден қойып, зер сала зерттеу барысында ойластырылмақ.
Жан-жақты қарастырып, қадағалап, зер сала зерттелмек. Ортақ тiлдi
қалыптастыруда асығыстыққа, үстiрттiкке, науқаншылдыққа жол бермей, тiлiмiзге
нұқсан келтiрмей, асыра сiлтемей, ақылға салып, терең сараптап, қайсыбiр туыс
тiлдердi реформалауда жiберген қателiк пен олқылықты қайталамаған абзал. Үнемi
көркею үстiнде болатын күллi түркi жұртына ортақ тiлiмiз туыс тiлдердiң
лексикалық байлығын бiрдей қамтитын әмбебап тiл болғанда ғана дiттеген
мақсатымызға жетiп, азуын айға бiлеген қуатты мемлекеттермен терезе теңестiре
аламыз.Түркi халықтарының бiрыңғай әдеби тiлiн құрастыра алмағанның өзiнде бұл
бағыттағы атқарылған еңбек нәтижесiз қалмақ емес. Туыс халықтардың тiлi
жақындай түсiп, бiр-бiрiн еркiндеу түсiнетiндей болса, оның өзi – үлкен олжа.
Мұның тағы бiр тиiмдi болатын тұсы туыс тiлдердiң әр тобындағылардың өзара
жақындасуынан 40 шақты тiл орнына санаулы ғана тiлдердiң қолдану мүмкiндiгi арта
түседi. Академик Әбдуәли Қайдар «Түрiк тiлдес халықтардың 96 пайызын құрайтын
оғыз, қыпшақ, қарлұқ тобындағылардың үш жеке топ құрап, өз iшiнде жақындай
түсiп, аймақтық ортақ тiл жасауды да зиялы қауымның жан-жақты ойланып-толғанып
барып шешуiн талап етер едi», – деген еді. Адамзат ерте кезден-ақ үйренуге
жеңiл, грамматикалық құрылымы дұрыс, халықаралық қарым-қатынастың қосымша
құралы iспеттес баршаға ортақ жасанды тiл құрастыруды да армандап келген.
16-ғасырдан бергi 3–4-ғасыр аралығында еуропалық ғалымдар әлденеше рет осындай
жасанды тiл құрастырып көрген. Алайда бұл «тiлдер» қалың оқырман арасына тарай
қоймады. Дүниежүзi көлемiнде ең кең тараған халықаралық жасанды тiлге 1887 жылы
варшавалық дәрiгер Л.Заменгофтың роман, герман, славян тобы секiлдi ешқандай
туыстық жақындығы жоқ тiлдердiң көпшiлiкке кеңiнен танымал сөздерiнен
құрастырған эсперантосы жатады. Грамматикасы жеңiл әрi қатал нормаланған,
ондаған жыл бойы жетiлiп, байыту үстiнде болған бұл жасанды тiл 20-ғасырдың бас
кезiнде-ақ халықаралық деңгейге көтерiлдi. 

Ал түп төркiнi бiр
туыс тiлдер негiзiнде ортақ табиғи тiл құрастыру әр басқа туыс емес тiлдерден
орайластырып жасанды тiл жасаудан анағұрлым жеңiл әрi сәттi болатыны сөзсіз.
Әлемдiк тәжiрибеге үңiлсек, ортақ әдеби тiлге көшудiң тиiмдiлiгi күмән
келтiрмейдi. Дүниеде әр алуан диалектiде сөйлейтiн, бiр-бiрiнiң тiлiн жете
түсiне бермейтiн жиырмаға жуық араб мемлекетi бар. Бiрақ олардың бiр ғана ортақ
әдеби тiлi бар. Египет тiлi, иемен тiлi, ирак тiлi, ливан тiлi, ливия тiлi,
алжир тiлi, тунис тiлi, судан тiлi, марокка тiлi, иордан тiлi деген тiлдер жоқ.
Бiрақ сондай диалектiлер болған. Олардың қайсыбiрiнiң айырмашылығы салыстырып
айтқанда өзбек пен қазақ немесе түрiкмен мен қазақ тiлдерiнiң айырмашылығынан
кем болмаған секiлдi. Ортақ әдеби тiлге көшу бұл елдерге де оңай тиген жоқ.
Күмәнданушылар да, қарсы шығушылар да болған. Осылайша жұмыла бiрiгудiң
арқасында араб тiлi әлемдегi негiзгi тiлдердiң қатарынан орын алды.

Қытай тiлi де
бiр-бiрiнен алшақ жетi диалектiге бөлiнедi. Олардың бiр-бiрiн түсiнуi әжептәуiр
қиындық келтiрген. Бiрақ қазiргi кезде олардың бәрiне ортақ әдеби қытай тiлi
бар. Жалпы қытай деген бiрыңғай этнос болмаған. Қазiргi қытай ұлты әр алуан
халық пен ұлыстың бiр-бiрiне етене араласып, жақындасуынан қалыптасқан екен.
50-жылдардың орта кезiнде Алматыға келген қытайлық тiл ғалымдары қойылған
сұраққа жауап бере келе, қытай тiлi орфографиясын латын әлiпбиiне көшiре қалған
жағдайда жетi бөлек тiлдiң қалыптасу қаупiнiң бар екенiн айтқан едi. Қазiр
«птунхуа» (жалпыға түсiнiктi тiл) аталатын жалпыхалықтық қытай тiлi қалыптасты.
Саха, чуваш тiлдерiн есептемегенде айырмашылығы араб, қытай тiлдерi
диалектiлерiнен көп емес түркi тiлдi халықтарға ортақ әдеби тiлдiң қалыптасу
мүмкiндiгiн ескерусiз қалдыру жөн емес. Ортақ әдеби тiлге көше қалған жағдайда,
бiздiң тiлiмiздiң қолдану өрiсi өлшеусiз артады. Өз елiмiздегi басқа ұлт
өкiлдерiн айтпағанның өзiнде шетелдiктердiң де түркi тiлiн үйренуге деген
құлшынысы арта түспек. Тiптi түркi тiлiнiң БҰҰ-ның жетiншi ресми тiлiне айналуы
да ғажап емес.


Сейдін Бизақов, филология

 ғылымдарының докторы, профессор. 

Редакция таңдауы

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...
maksim spotkay

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда...
3 4

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы...
df

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй...

Жаңалықтар

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

Димаш – ақиқатқа айналған арман

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуы тиіс – Қ.Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. «Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны...

Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында...

Ауылда өз жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкерлерге шығынның 50 пайызы қайтарылады – Президент

Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. «Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50...

Путин Жапаровқа Қырғызстанда орыс тілінің мәртебесін сақтаудың маңызын ескертті

Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Кремльдің хабарлауынша, Владимир Путин Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті қызметіне...

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейіржан Юсупов қызметінен босатылды. Үкімет басшысы сайтының мәліметінше, Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырауда дүниеге келген. Томск...

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға...

Қар, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды

Бір тәулік ішінде республиканың автожолдарында 155 бірлік техника шығарылды, 294 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты. «Қазгидромет» РМК...

«Бірнеше күн нәр татпаған»: Ресейлік жазушы өз пәтерінде өлі күйінде табылды

Мәскеуде жас жазушы Аделина Шелдон өлі күйінде табылды. Бұл туралы Рен ТВ телеарнасы хабарлады.  Арна мәліметінге, 20 жастағы қыз өз пәтерінде көз жұмған. Соңғы бірнеше...

Пандемия салдарынан әлем әуежайлары қанша шығынға ұшырады?

Әлемдегі әуежайлар коронавирус кесірінен 112 млрд доллар шағынға ұшыраған. Мұндай мәліметті Әуежайлардың халықаралық кеңесі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Коронавирус жайлаған 2020 жылы шығын...

Коронавируспен ауырған балалардың денсаулығынан елеулі кінәрат анықталды

COVID-19-мен ауырған балалардың жартысында төрт ай бойы осы аурудың кем дегенде бір симптомы сақталады. Мұндай түйткілдер ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды "Известия". Мамандардың...

Трамп жарлығының күші жойылды: Байден кейбір шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді

АҚШ президенті Джо Байден елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың 2020 жылдың сәуірінде шетелдіктердің кейбір санаттарына елге кіруге тыйым салған Жарлығын жойды. Бұл туралы РИА...

Жуынатын бөлмеге телефонын алып кірген оқушы көз жұмды

Ресейдің Братск қаласында жуынатын бөлмеге телефон алып кірген оқушы қыз тоқ соғып мерт болды. Оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы РФ тергеу комитеті өңірлік...

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі бой көтереді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеп....

Нұр-Сұлтанда аяз: 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ...

Алматыда 16 мыңнан астам студентке арналған бірнеше жатақхана салынады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жоғары оқу орындары басшылығымен жатақхана құрылысы мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Жиында «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана құрылысының барысы...

Атырауда Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасы қаланды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылында атақты Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасын қалады,- деп хабарлайды...

«Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы

Абай атындағы ҚҰПУ-інде Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысының ақтық кезеңі 19 ақпанда өтті. Ақтық кезеңге 12...

Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған

Мемлекеттік сатып алулар сайтында ерекше лот  -  Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Балабақша 22,3 миллиард теңгеден астам...

БЖЗҚ еліміздегі ең жоғары зейнетақы қанша теңге екенін айтты

Еліміздегі ең жоғары зейнетақы 522 610 теңгеге жетті, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі. Қордың мәліметінше, 2021 жылғы 1 ақпандағы көрсеткіш бойынша БЖЗҚ 167 423 алушыға...

Ертісбаев Путиннің беделін көтеретін факторды атады (видео)

«Спутник V» вакцинасы бүкіл әлемде мойындалса, бұл жетістік Ресей үшін алғашқы Жер серігі ғарышқа жіберілген сәттегі КСРО-ның даңқымен пара-пар болуы мүмкін. Мұндай пікірді Yertysbayev...

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ернат Мұхамадиев...

Елорданың ірі мәдени ошақтары пандемия салдарынан қанша шығынға батқаны белгілі болды

«Astana Venue Management» ЖШС-ның бас директоры Мәлік Хасенов елордадағы мәдени нысандардың 2020 жылғы шығыстарына қатысты нақты деректермен бөлісті. «Егер әр нысанға қатысты нақты айтар болсақ,...

Қарызын қайтармаған досына оқ атқан павлодарлық 8 жылын түрмеде өткізеді

Сот үкімі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сот 28 жастағы павлодарлықты қылмысқа дайындалғаны және кісі...

Ертісбаев Ұлттық кеңес туралы заңға екіұдай пікір білдірді (видео)

 Белгілі саясаткер Ермұхамет Ертісбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы заң қабылдау жайлы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Yertysbayev Live  атты Youtube-арнасында...

«Абай» мәдени-іскерлік үйінің атқарар міндеті мол

Бүгінде жер-жаһанның 43 елінде тұратын этникалық қазақтардың қарасы 7 миллионға жетіп жығылады, алайда, ақпарат көздерінен белгілі болғандай, шекараның арғы шебіндегі отандастар саны 5 миллион...

Әлемді мойындатқан актерге адам зорлады деген айып тағылды

Есімі әлемге белгілі француз актері Жерар Депардьеге адам зорлау және сексуалдық зомбылық бойынша айып тағылды. Бұл туралы Риа Новости France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап...

Қазақстандықтар министрлерге қандай мәселемен келеді?

Nur Otan-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың министрлермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен онлайн-кездесулері жалғасуда. Қазақстандықтардың министрлерге қандай мәселелермен келетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз...

1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейді

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Жағымды жаңалықты Facebook парақшасы арқылы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады. «Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның...

БҚО-да 24 елді мекен жарықсыз қалды

Батыс Қазақстан облысында 24 елді мекен электр жарығынсыз қалды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сегіз ауданда барлығы 3112 абонент жарықсыз қалды. Атап...

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің...

Жол апатына кінәлі әйел полициядан қашамын деп мерт болды

Ресейдің Благовещенск қаласында жол-көлік оқиғасын жасап, із суытпақ болған әйел жол апатына түсіп мерт болды. Тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости....

Экология министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатаң талаптар қойды

Экология министрлігі "АрселорМиттал Теміртауға" Теміртауда 500 мың ағаш отырғызуды міндеттеді. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған брифинг барысында хабарланды. Министрліктің...

Алматыда қандай кәсіп иелері тапшы екені белгілі болды

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова онлайн брифинг барысында мегаполисте қандай мамандық иелері тапшы екенін айтты. Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласында мамандар тапшылығы...

«Қытаймен бәсекені күшейтеміз»: АҚШ пен Канада күш біріктірді

АҚШ пен Канада Қытайға қарсы тұру үшін күш біріктірді.  Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдомен өткізген бейнеконференциядан кейін мәлімдеді, деп...

Алматы мәйітханасының директоры ірі көлемде пара алған деп айыпталды

Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қалалық паталогоанатомиялық бюросының директоры Б.Әлібековке қатысты тергеу ісін аяқтады. Ол 2020 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша қол қойылған...

Шымкентте тойханаларды мектепке айналдыру ұсынылды

Шымкенттегі банкет залдары иелеріне жергілікті билік мектеп немесе кафе ретінде жұмыс істеуді ұсынды. Коронавирус пандемиясына байланысты көптеген ойын-сауық кешендері бір жылға жуық жұмыс істемейді. "Атамекен"...

Қазақстан нарығына екі жаңа автокөлік бренді шығарылмақ

Astana Group холдинг компаниясының негізін қалаушы және президенті Нұрлан Смағұлов екі жаңа автомобиль бренді биыл ел нарығына шығарылатынын мәлімдеді. Олар - Haval және Genesis...

Зейнет жасы: Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасы әзірленуде

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатқаны туралы айтылды. Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандырудың барлық үш деңгейі (ынтымақты, базалық...

Мәжілісте қатесіз жазуға қатысты құжат мақұлданды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл...

Төменгі жалақы мөлшерін арттыру мақсатында Жол картасы әзірленеді – Үкімет басшысы

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде жалақының төменгі мөлшерін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленетіні айтылды. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың...

6,6 млрд теңге: Орал әуежайының ғимараты жаңартылмақ

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, «ҚПО б.в.» компаниясы арқылы әлеуметтік инвестициялар жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмысы басталды. Жоба бойынша терминал алаңы 4 мыңнан 10...

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы күндері өңірде күн жылып, жиі қар жауып тұр. Жел жылдамдығы да артқан. Таулы аймақтарда көшкін жүру ықтималдығы жоғарылады....

210 мыңға жуықтады: коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 753 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 93, Шымкент қаласы...

Мас күйінде көлік тізгіндеген азаматтың бас бостандығы шектелді

Өскемен қаласында алкагольді ішімдік ішіп  алып көлік тізгіндеген ер адам жазаға тартылды. ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр көктемде ер адам әкімшілік жауапкершілікке...

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көрді, – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. «Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне...

Елімізде боран соғып, қар жауады – Қазгидромет

Сәрсенбі күні елімізде жел күшейіп, боран соғады, солтүстікте қалың қар жауып, оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет. 24 ақпанда Қазақстан...

Oppo компаниясы ауа арқылы сымсыз қуаттау технологиясын ұсынды (видео)

OPPO компаниясы көпшілікті Oppo X 2021 құрылғыларын сымсыз қуаттаудың жаңа жүйесімен таныстырды, - деп хабарлайды EVO-RUS.COM. https://youtu.be/xALQxs1bJM0 Wireless Air Charging технологиясын Қытайлықтар MWC 2021 Shanghai көрмесінде...

Google қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады

Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады, деп хабарлайды АА "NewTimes.kz". Бұл жаңарту 22 ақпанда пайда болды – 6.17.0. Айта кету керек, аудиоаударма тек...

АҚШ-та салынғанына 139 жыл болған үй алып тіркемемен жаңа орынға көшірілді (видео)

Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласының тұрғыны Тим Браун 139 жыл бұрын іргетасы қаланған өз үйін жаңа мекен-жайға көшірді. https://www.youtube.com/watch?v=u8l6eBUK-rM 1882 жылы салынған үй үлкен тіркемеге салынып, жүк...

«Алтын Орда» тарихына арналған киножобаға дайындық басталды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Алтын Орда тарихына арналған ірі киножобаның тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Осы мақсатта кино орталығының жанынан жұмыс тобы құрылған, ол ел...

Қандасымыз Риза Әлімжанқызы – Қытай киноиндустриясының жұлдызы

Қытайдың kazakcnr.com сайтында талантымен танылған қандасымыз, белгілі актриса Риза Әлімжанқызы туралы мақала жарық көрді. Аталған мақаладағы деректерге сүйенсек, Қытайда өнерімен көрермен көзайымына айналған Риза...

Елбасы Ақан Сатаевты қабылдады

Елбасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады, – деп хабарлайды elbasy.kz. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының...

«Nur Otan» партиясының жол картасы: «Баспанамен қамту – басты назарда»

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына арналған Жол карталарын бекітті. «Nur Otan» партиясы сайлаудан кейінгі бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын...

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездесті, – деп жазды Ақорда. «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев Президентке...

Мемлекет басшысы Каспий теңізіндегі қызметке қатысты заңға қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының...

Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды фармацевтика кешені (ҚФК) базасында «Гам-КОВИД-Гак» («Спутник–V») вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі барысын және вакцинаның...

Білім саласының бір орында тоқтап қалған кезі жоқ

Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек Ері: – Тәуелсіздік алған жылдары жалпы халықтың жағдайы жақсы болды, мына саланың дамуына ерекше жағдай жасалды...

Президенттің құжаттарды цифрландыру процесіне қатысты тапсырмасы орындалды – Берік Уәли

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мемлекеттік органдар тарапынан берілетін құжаттарды цифрландыру процесі қалай жүргізіліп жатқаны туралы жазды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр...

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 13 трлн теңгеден асты

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинағының сомасы 13,1 триллион теңге болды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында 13,1 триллион теңге зейнетақы...

Коронавирусқа қарсы екпе салдырған 73 жастағы хирург вакцинаның әсері туралы айтты

Атырауда 73 жастағы хирург Марат Есжанов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Оның айтуынша, вакцинаның жанама әсері жоқ. «1 ақпанда әріптестеріммен бірге коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші кезеңін алдым....

Елімізде жекеменшік университетте білім алушылардың саны көбейді

Білім және ғылым министрлігі 2016-2020 жылдар аралығында жеке меншік университетте білім алушылардың саны 53,8% өскенін мәлімдеді.  «Қазіргі уақытта елімізде жалпы 127 жоғары оқу орны бар,...

Су тасқанына қарсы 45 пойыз жасақталып жатыр – министр

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде су тасқанына қарсы 45 пойыз жасақталып жатқанын айтты. «Поездардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, жолдарды,...

«Nur Otan» партиясы сайлауалды міндеттемені іске асырудың қадамдық жоспарын бекітті

«Nur Otan» партиясы Орталық және Шығыс Қазақстанға арналған сайлауалды міндеттемелерді іске асырудың қадамдық жоспарын бекітті. Партия 216 сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша әр жылға нақты...

Асқар Мамин әкімдерге тапсырма берді

Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин өңір әкімдері су қоймалары толуына үнемі бақылау жасап отыруы тиіс екенін айтты. «Су тасқынының алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылдау...

«Шектеулер қажет емес»: ДДСҰ пандемиямен күрес қашан аяқталатынын хабарлады

Данияның DR телеарнасына берген сұхбатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды aa.com.tr.  Ұйым...

COVID-19: Бес өңір «сары» аймақта тұр

23 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары...

Алматы әкімі АТУ студенттеріне арналған 9 қабатты жатақхана құрылысын тоқтатты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың шағымынан кейін тоғыз қабатты жатақхананың құрылысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Әуезов ауданындағы «Алтын бесік» ықшамауданының тұрғындары 17 ақпанда өткен Алматы...

АҚШ туы төмен түсірілді: Америкалықтар 5 күн аза тұтады

АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандарды еске алу мақсатында 5 күн аза тұту жарияланды. Елдің федералды және әскери нысандарында мемлекеттік ту төмен түсірілетін болады, деп хабарлайды...

Адамдар көп жиналатын орындарда бірден екі маска тағу міндеттелді

Чехия билігінің жарлығына сәйкес, республика тұрғындары 25 ақпаннан бастап адамдар көп жиналатын жерлерде бірден екі маска киюге міндеттелді. Бұл туралы Ceske noviny хабарлады.  Елдің денсаулық...