Анар Мешімбаева 7 жылға сотталды

Анар Мешімбаева 7 жылға сотталды

Анар  Мешімбаева 7 жылға сотталды
ашық дереккөзі

Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаева үшін бүгін үкім
шығарылды. Ол 7 жылға бас бостандығынан айрылды және дүние мүлкі тәркіленіп,
жалпы ережедегі колонияға айдалатын болды. Үкім ақпанның 14-інде Астана қалалық  Есіл аудандық №2 сотында шығарылды. Бұған дейін жазғанымыздай, ақпанның 12-сінде
 прокурор
Дәурен Әшімов айыпталушыны
мемлекеттің қазынасына қол сұғушы ретінде кінәлі деп тауып, оны сегіз жыл бас
бостандығынан айыруды өтінген болатын. Анар Мешімбаеваға шығарылған үкімді есту
үшін сот залына жиналғандар небәрі үш минутта үкім оқылғанын айтады. Сонымен айыпталушыдан Үкімет қазынасына «Сарапшыларға бөлінген – 329 мың 561 теңге мен оны
экстрадициялауға жұмсалған – 316 мың 726 теңгені айыпталушыдан өндіріп алу
керек», – деген прокурор.

Анар Мешімбаеваның адвокаты Ботагөз Бейсембаева оның айыпты екенін
дәлелдейтіндей ешқандай айғақты дәйектер табылмағандығын айтады. Анар
Мешімбаева бүкіл сот барысында өзінің кінәсіз екендігін қайталаумен болды әрі
сот залынан босатылатынына сенімді еді.

Анар Мешімбаеваның соты ашық түрде жүргізілді. Ол 2013 жылдың 4-желтоқсанында басталған. Сот
процесін Ақмарал Исаева жүргізген еді. Сот Мешімбаеваға Статистика агенттігінің
төрайымы қызметін атқарып жүрген кезінде Үкімет қазынасынан 3 миллионнан астам
теңгені жымқырған және лауазымын асыра пайдаланған деген айып тағып отыр.