Янукович: Мен әлі де Украинаның заңды президентімін

Янукович: Мен әлі де Украинаның заңды президентімін

Янукович: Мен әлі де Украинаның заңды президентімін
ашық дереккөзі

Жасырынбақ ойнаған Янукович бұл тірлігінен түк шықпайтынын сезген сияқты.
Себебі, ол бүгін журналистермен баспасөз мәслихатын өткізу үшін Ростов-на Дону
қаласына кеше ұшып келген. Тағы бір дерек, Янукович жоғары лауазымды тұлғалар
тоқтайтын үкіметтік резиденцияға емес, Ростовтағы жекеменшік қонақ үйге
жайғасыпты.

Ал «Блокнот» басылымы
куәгерлердің пікіріне сүйене келе, Януковичтің Ростов-на-Дону қаласында
ақпанның 25-інен жатқанын жазады. «Ол шетте орналасқан үкіметтік резиденцияның
бірінде жалғыз емес, белгісіз әйелмен тұрып жатыр. Бұл үйді арнайы күзет
қорғауда» делінген басылымда.

 Янукович баспасөз мәслихатында Жоғары Рада қазанның
25-інде өтеді деп белгілеген Украинаның президенттік сайлауларына қатыспайтынын
мәлімдеді. Оның ойынша, бұл сайлаулар заңсыз. «Меніңше, біздегі сайлаудың
барлығы Украина Конституциясына және заңдарына сәйкес өтуі тиіс. Мен Украинаға
менің және отбасымның амандығына кепілдік берілген жағдайда ғана ораламын. Дегенмен
мен ешкімнен әскери көмек сұрауға мәжбүр емеспін. Бұндай жағдайда кез келген
әскери қимылдар мүмкін емес» деген ол әлі күнге дейін Украинаның заңды
президенті екендігін мәлімдеген.  Қазір
ондағы президенттің  міндетін Жоғары Рада
спикері Александр Турчинов атқаруда.

Естеріңізге сала кетсек, Ресей
билігінен өзінің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өтінген Януковичтің сұранысын
ресми Кремль қанағаттандырған көрінеді. Ал ақпарат құралдары бүгінгі Украинаның сыртқы қарызы 140 млрд. долларға жеткендігі
туралы жарыса хабарлауда.  

Ал Украинаның Бас прокуратурасы Ресей Федерациясы билігінен Украина
президенті Виктор Януковичті қайтаруды сұрады. Украинаның Бас прокуратурасы
Украина Парламентінің шешімімен халықаралық іздеу жарияланған Виктор Януковичті
экстрадициялау мәселесін қойып отыр. Виктор Януковичке адамзатқа қарсы жасаған
қылмысы үшін айып тағып отыр.

Динара Дүрмән