Жанардың «СЕЗІМДЕР МАУСЫМЫ»

Жанардың «СЕЗІМДЕР МАУСЫМЫ»

Жанардың «СЕЗІМДЕР МАУСЫМЫ»
ашық дереккөзі

 Осыдан екі жыл бұрын «Алтын қыранның»
демеушілігімен жарық көрген кітаптардың арасында Асылзат Арыстанбектің «Бесінші
маусым» жыр жинағы болған еді. Бұл жолы шығып жатқан туындылардың ішінде де
«маусым» бар. «Сезімдер маусымы» деп аталатын кітаптың туындыгері ақын Жанар Әбсадық.
Қолымызға тиген жинақ оны лирик ақын
ретінде танытып отыр. Кітаптың аннотациясына көз жүгірткенімізде, бұл жинаққа ақын 17-20 жас аралығында, студент шағында жазған өлеңдерің енгізіпті.  Жанар жазған жырларын
жариялауға асықпаған сияқты. Иса пайғамбардың
жасында ғана алғашқы жыр жинағын шығару жазыпты. Ішіндегі
өлеңдерінен де жас адамның орнықпаған психологиясы – үміт пен күдіктің қатар
арбасып жатқаны байқалады. Жанар өлеңдері туралы белгілі ақын, филология ғалымдарының
докторы Бауыржан Жақып жинақтың алғысөзінде былай деген екен: «Жанар өлеңдерінің
үш өзгешелігін баса айтқым келеді. Біріншіден, Жанар жырлары – таңғы шықтай мөлдір
сезімнің моншақтары. Екіншіден, оның өлеңдерінде басқа ешкімге ұқсамайтын бір
сыр, бір мұң қабаттасып келетін мұңды әуен бар. Үшіншіден, өлең техникасын
жетік меңгерген әрі бұрын қалыптасқан архитектоника мен қалыптан шығып, өз жүрегінің
дүрсілін өлеңге айналдыра білетін қасиеті». Бауыржан ағамыздың осы пікіріне біз
де тоқтаймыз.

Гүл БЕКЗАТ