Жастар театрына жаңа басшы

Жастар театрына жаңа басшы

Жастар театрына жаңа басшы
ашық дереккөзі

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық
балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып, ҚР Мәдениет министрінің
бұйрығымен Сұлтан Оңғарұлы Сраилов тағайындалды.

ҚР Мәдениет министрінің орынбасары Асқар Бөрібаев мырза,
Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық
артисі Есмұхан Обаев бастаған топ ұжымға жаңа басшыны таныстырды.

Бұған дейін Сұлтан Оңғарұлы Астана қаласы әкімдігінің
Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының
директоры-көркемдік жетекшісі қызметін атқарған еді.