А және В тобының жоспарланған кездесулері аяқталды

А және В тобының жоспарланған кездесулері аяқталды

А және В тобының жоспарланған кездесулері аяқталды
ашық дереккөзі

 

Футболдан әлем чемпионатындағы В тобының барлық ойындары аяқталды. Голландия
мен Чили құрамалары арасындағы ойыннан кейін қос команда да плей-офф
жолдамасына ие болды. Екі команда арасындағы ойында футболшылар өте сақ
қимылдады. Бірінші таймда гол салуға екі команданың да мүмкіндігі болды. Бірақ,
алғашқы таймда есеп ашылмады. Ойын есебі тек 77-минутта ашылды. Есеп ашқан – голландиялық
Лерой Фер. Ойынның қосымша уақытында аталған команданың тағы бір ойыншысы
Мемфис Делай екінші голды салды. Есеп 2:0. Голландиялықтар пайдасында. В
тобындағы Испания мен Австралия арасындағы ойын 3:0 есебімен аяқталды. Испаниялықтар пайдасына үш гол салған аяқдопшылар – Вилья,
Фернандо Торрес, Мата.

А тобының да барлық ойындары соңына жетті. Бразилия
топтық кездесудің соңғы ойынында Камерун құрамасын ойсырата жеңді. Есеп 4:1. Бұл
топтың бұдан кейінгі кездесуі Мексика
мен Хорватия арасында өтті. Тартысты ойынды мексикалықтар 3:1 есебімен өз
пайдасына шешті. Кездесуде Мсексика құрамасынан Маркес, Гуардадо және Чичарито
гол салса, Перишич Хорватия құрамасының жалғыз голының авторы атанды.