«KAZsport» телеарнасына – 1 жыл

«KAZsport» телеарнасына – 1 жыл

«KAZsport» телеарнасына – 1 жыл
ашық дереккөзі

2013 жылдың 1 шілдесінде алғашқы қызметін бастаған «KAZsport»
телеарнасына 1 жыл толды. 1 жыл ішінде барлық спорт түрлерінен тікелей хабар
таратқан арна өз жұмысын табысты атқарып жатыр. Еліміздегі ең алғашқы спорттық
арна аз уақыт ішінде өзінің тұрақты көрермендерін де жинақтады. Мұндай арна ашу
Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынысы болатын. Жаңа спорт арнасы «Қазақстан» РТРК» АҚ
құрамына енді. Арнадан таратылатын хабарлардың 70%-ға жуығы тікелей
трансляциялар. Екі тілде хабар тарататын спорттық арна 14 сағат бойы көрерменге
қызмет етеді. Елімізде өтіп жатқан спорттық сайыстар, халықаралық спорт
бәсекелерінен трансляция жасайды. «KAZsport» телеарнасы салауатты өмір салтын, бұқаралық
спортты қолдауды, еліміздің спорт жетістіктерін насихаттауды, қазақстандықтардың
спорт саласындағы білім деңгейін арттыруды көздейді. Қазақстанда спорттық арнаның ашылуы спорт
жанкүйерлері үшін үлкен жаңалық болды. Әлемдік дүбірлі додалардан тікелей хабар
таратуы арна көрермендерінің санын арттыруда. 1 жыл ішінде спорт саласындағы
жаңалықтар мен сайыстарды үздіксіз көрсетіп келе жатқан «KAZsport» телеарнасы
әрі қарай да табысты еңбек етеді деп сенеміз.