ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫСТЫҢ САЛДАРЫ

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫСТЫҢ САЛДАРЫ

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫСТЫҢ САЛДАРЫ
ашық дереккөзі
235

Бүкіл әлем бір апта бойы күңіренуде.  Империялар арасындағы қақтығыстың салдары –
жазықсыз қан төгуге жетелеуде. Өздерінің 
геосаяси амбицияларын жүзеге
асыру мақсатында неден де болсын бас тартпайтындығын көрсетіп отыр шовинистер.

Украина аумағымен 10 мың метр биіктікке
самғап бара жатқан Амстердамнан Куала Лумпурға бет алған Boeing-777 азаматтық
авиация ұшағын атып түсіру кім үшін қажет болды? Неге қажет болды? Әзірге
айтылып жатқан екі нұсқа бар. Бірі – Ресейдің көмегімен донецкілік бұзақылардың
әрекеті болуы мүмкін. Ресей бұл ретте 
бүкіл кінәні Украина әуе күштеріне жауып, оған қарсы соғыс бастауды
сылтау-етті мыс. Екіншісі – АҚШ-тың орталық барлау қызметінің қолдан
ұйымдастыруы мүмкін. Ресейге шабуылды бастау үшін.

Алайда, оқиға болған жерде әлі күнге дейін
адам қалдықтары мен ақпарат беретін айғақ заттар іздестірілуде. Әзірге ешқандай комиссияның ресми байламы
жасалған жоқ. Бірақ Батыс ақпарат құралдары мен Ресей ақпарат құралдары
арасында тынымсыз ақпараттық соғыс басталды.

f2ca1fff8d50238a8cf8e9e7451a7153.jpg

Ресейдің, яғни Путиннің алғашқы нұсқасы бойынша,
Украинадағы қарулы қақтығыс апатқа кінәлі. Ол бұл мәлімдемесін Ұлыбританияның
Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен әңгімесінде жасаған. Сонымен қатар, әуе
кемесі апатқа ұшыраған күні Путин барлық жауапкершілікті Украина билігі өз
мойнына алуы қажет деп мәлімдеген болатын.

e60936812e1627a33dfbdaf9cfa0db29.jpg

Ал CNN теларнасының мәлімдеуінше АҚШ Мемлекет хатшысы Джон Керри Ресейдің бұған тікелей кінәлі екенін айғақтайтын мәліметтердің қолда бар екенін айтқан. Джон Керри Ресейдің донецкілік сепаратистерге күні бүгінге дейін қару тасымалдап отырғаны мәлім екендігін және оның қандай қарулар екендігін айта отырып, Ресейге қарсы ұстанатын санкцияларды әлі де күшейтетіндігін және батыстық әріптестерін осыған үндейтінін айтқан. 

f84fe37e0de26a71b205ca205407c370.jpg

РФ Қорғаныс министрінің  орынбасары Анатолий Антонов Америка мен
Батыстың аталған апатқа Ресейді кінәлауын ақпараттық соғыс деп
есептейтіндігін жеткізді.

Ол Киевтің халықаралық комиссия құруға талпынбай отырғандығын
кінәлай отырып, осы мәселеге орай Мәскеудің Киевтен білгісі келетін 10 сауалы
барын айтады. Сонымен қатар, Анатолий Антонов ресми Киевке халықаралық
қауымдастыққа Украина қарулы күштерінің әуе зымырандары мен әуе қорғанысына
қарсы кешендегі зымырандарының  есебін
беруді ұсынды. Бұл 17 шілдедегі ұшақ апатына қайдан қалай оқ атылғанын айқындауға
көмектеседі деген пікірде ол.   

961044786d5ae413e8b0d0db117fc61f.jpg

Ал ресейлік Стратегиялық бағалау және болжау орталығының
директоры Сергей Гриняев бүгінде Ресейге қарсы ақпараттық кеңістікте агрессия
жасалып жатыр деген пікірде. Бұл жайында ол 21 шілде күні Мәскеуде өткізген
баспасөз-мәслихатында мәлімдеген. “Өкінішке қарай, тарихта бұл бірінші рет болып
отырған жоқ. Адам трагедиясын жоғары шенділердің мүддесі үшін пайдалану әсіресе
АҚШ тарапынан орын алып отыр. Мәселен, Сирияда химиялық қару қолдану немесе
Майдандағы атыс бүгінгі әуе апатынан еш кем емес. Еуропа ол зерттеулер
нәтижесін қажет етпеді, әуе кемесінің апаты да соның аяғын құшпақ” деді ол.

Халықаралық
қауымдастыққа Украина қарулы күштерінің әуе зымырандары мен әуе қорғанысына
қарсы кешендегі зымырандарының  есебін
беруді ұсынды. Бұл 17 шілдедегі ұшақ апатына қайдан қалай оқ атылғанын айқындауға
көмектеседі деген пікірде ол. 

4629f62f20a481027fb652225a242807.jpg

05c24b060ee87b1b4c04a2fa0b7f5617.jpg

550150cf423ec41066ab44a93b935419.jpg

bf5888bbf804dbf38d3d2a4b14ada5c2.jpg

b8fd74946be9036ec001ac18e0808d13.png

Ал РФ Қарулы күштерінің Бас штабының Бас жедел басқару басқармасының бастығы Андрей Картополов ұшақ апатқа ұшырар сәтте оның қасында украиналық әскери Су-25 ұшағы ұшып жүргендігі жайында мәлімдеме жасады дейді www.lenta.ru сайты. Қалай дегенмен де, Ресей өз сөзіне, Батыс өз сөзіне жұртты иландырмаққа әрекет етіп жатыр. Қазір бұрынғыдай бірін-бірі кінәлаған ақпараттық майданға толас болмайын деп тұр. Тек бұның соңы Украинадағы жағдайды бейбіт түрде реттейміз деген әлемдік бітімгершілдердің өз уәдесінде тұрмауына әкеп соқпаса неғылсын. 

Амстердамнан Куала-Лумпурға
бағыт алған малайзиялық «Боинг» ұшағы шілденің 17-сінде Донецк облысына құлаған
болатын. Әуе кемесінің бортында 298 адам болған еді. Олардың 15-і экипаж
мүшелері, ал балалардың саны әртүрлі айтылады. Кейбір ақпарат көздерінде 85
бала деп айтылса, кейбірінде үш бала делінеді. Жолаушылардың – 189-ы
Нидерландының, 44-ы Малайзияның, 27-сы – Австралияның, 12-сі – Индонезияның,
9-ы – Ұлыбртианияның, 8-і – Германия мен Бельгияның, 3-еуі – Филиппиндікі,
Канада мен Жаңа Зеландияның бір-бірден азаматы ұшақ апатынан көз жұмды. Тағы 4
адамның азаматтығы анықталмаған. 

Серіктес жаңалықтары