Семейде балаларын үйде қалдырып, дүкенге кеткен әйел пәтерінің кілтін жоғалтып алған

/
Семейде балаларын үйде қалдырып, дүкенге кеткен әйел пәтерінің кілтін жоғалтып алған
istockphoto

Абай облысында балаларын үйде қалдырып, дүкенге кеткен әйел пәтерінің кілтін жоғалтып алған, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

ТЖМ қызметкерлері пәтерде жабылып қалған бүлдіршіндерді құтқарды.

"Абай облысы ТЖД-ның 112 пультіне Семей қаласында бір пәтерде кішкентай балалардың қалып қойғаны туралы хабар түсті – анасы дүкенге шығып, пәтердің кілтін жоғалтып алған", - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар шанц саймандарының көмегімен есікті ашып, пәтерге кірді.

Абырой болғанда, іште қалған 2017 және 2025 жылы туған балалар еш зардап шекпеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары