Астанада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысы құлай салдарынан зардап шеккен бес адамның екеуі жансауқтау бөлімінде жатыр.
Үш науқас бейінді бөлімшелерде ем қабылдап жатыр. Зардап шеккендердің екеуі еңбек міндеттерін орындау барысында жарақат алған фельдшерлер.
"Жансақтау бөлімінде жатқан фельдшердің жағдайы өте ауыр. Екінші фельдшердің жағдайы – орташа, ол нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Барлық пациент дәрігерлердің бақылауында, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп жазды әкімдік.
Әкімдіктің айтуынша, әлеуметтік желіде тараған "фельдшерлердің алған жарақаты өндірістік жарақат ретінде танылмады" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Аталған оқиға өндірістік жарақат ретінде тіркелген.
Сонымен қатар, жарақат алу фактісі бойынша қалалық полиция департаменті сотқа дейін тергеу жүргізіп жатыр.
Бұдан бөлек, мемлекеттік еңбек инспекторы тергеу жұмысын орындауда.