Қазақстандық жүзушілер Эр-Риядтағы жарыста төрт медаль жеңіп алды

/
Қазақстандық жүзушілер Эр-Риядтағы жарыста төрт медаль жеңіп алды
ҰОК

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасының жүзушілері табысты өнер көрсетіп, екі алтын, бір күміс және бір қола медальға ие болды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 23.85 секунд нәтижемен алтын медаль жеңіп алды. Бұл — Қазақстанның жүзуден аталмыш ойындардағы екінші алтын жүлдесі.

Әйелдер арасындағы 50 метрге баттерфляй сайысында Софья Сподаренко 26.99 секунд көрсеткішімен жеңімпаз атанды. Мысыр спортшысы Фарида Осман (27.04) екінші, ал сенегалдық Оуми Диоп (27.31) үшінші орынға ие болды.

Оның ізін ала Максим Сказобцов дәл осы қашықтықта 23.87 секунд көрсеткішімен күміс медаль иеленді. Үздік үштікті мысырлық Абдельрахман Эльсайед (23.90) түйіндеді.

Сонымен қатар, Айбат Мырзамұратов 200 метрге кешенді жүзу бағдарламасында 02:05.07 уақытымен қола медаль жеңіп алды. Бұл сайыста түркиялық Берке Сака (01:59.51) жеңімпаз атанып, алжирлік Джауад Сёуд (02:03.01) күміс иеленді.

Осылайша, қазақстандық жүзушіер Ислам ынтымақтастығы ойындарында төрт жүлде жеңіп алып, ұлттық құраманың қоржыны толуына елеулі үлес қосты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары