Алматыда балалар үйінің ғимараты өртенді.
Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, балалар үйі ауласындағы асхана ғимараты жанған. Ғимаратта адамдар болмаған. Ал тәрбиеленушілер уақытылы эвакуацияланып, қауіпсіз қашықтыққа шығарылды.
Жедел штаб құрылды, жағдайға тұрақты бақылау жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ өрт орнына қаланың барлық шұғыл қызметі келді. Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт оқшауланды, - деп хабарлады ТЖД.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері мешіт ғимаратына орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілген. Оларға Апаттар медицинасы орталығы және ТЖД дәрігерлері мен психологтары қажетті көмек пен қолдау көрсетті.