Шымкентте «Астана» жаңа шағынауданы ашылды

Шымкентте «Астана» жаңа шағынауданы ашылды

Шымкентте «Астана» жаңа шағынауданы ашылды
ашық дереккөзі
Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Шымкентте «Астана» жаңа шағынауданы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елбасының бастамасымен ашылған «Астана» шағынауданы мегаполистің орталығында - әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан.  Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысып, көпшілік қауымға арнайы құттықтау лебізін жеткізді.   Тұрғындардың  жайлылығы үшін мұнда шағынауданмен аттас сквер салынды. Жаңа сквердің жалпы аумағы 1 гектарға жуық. Гүл бағы түрлі тұқымдас ағаштармен - шынар, каштан, қайың және түрлі-түсті гүлдермен көмкеріліп, кіші сәулеттік бейнелер қойылған.   Балалардың ойын алаңқайы да аумақтың келбетін ашып тұр. Сонымен қатар, бұл күні гүл бағы маңынан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлерден 15 жанұяға пәтер кілті табыс етілді.  Әкімшілік-іскерлік орталық аумағында барлығы 90 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 27 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр.