14 Маусым, 06:22 413 0 Сыртқы саясат Назым Тойлыбаева

Грузия премьері отставкаға кетті

Грузия Премьер-министрі Георгий Квирикашвили сәрсенбі күні өзінің отставкаға кететіндігін мәлімдеді. Ол бұл туралы Тбилисиде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ТАСС.

«Грузия премьер-министрі лауазымынан кету жөнінде шешім қабылдадым»,-деді ол.

Квирикашвили отставкаға биліктегі  «Грузия арманы» партиясының төрағасы Бидзин Иванишвилимен арадағы келіспеушілік салдарынан  кеткендігін мәлімдеді.

«12 маусымда билік басындағы саяси күш өкілдерімен кездесу өтті. Менімен және биліктегі күш арасында келіспеушілік туындады. Нақтылап айтқанда, әңгіме мен басқаратын партияның экономикалық саясаты жайында болды»,-деді Квирикашвили.

Квирикашвили 2012 жылғы 25 қарашадан экономика министрі, ал 2013 жылғы шілдеден бастап вице-премьерлікті қатар атқарды. 2015 жылы вице-премьерлікті сақтай отырып, Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды. 2015 жылы 29 желтоқсанда Грузия парламенті Квирикашвилиді премьер-министр, ал сол жылдың 30 желтоқсанында президент оны Үкімет басшысы етіп бекітті.

 

Соңғы жаңалықтар