14 Маусым 2018, 06:13 763 0 Өнер Назым Тойлыбаева

Елбасы Жарлығымен Ұлттық домбыра күні белгіленді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен  Шілденің бірінші жексенбісі  Ұлттық домбыра күні болып белгіленді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Ұлттық домбыра Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
  3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  4.  Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Соңғы жаңалықтар