Tesla компаниясы 4 мың адамды жұмыстан қысқартады

Tesla компаниясы 4 мың адамды жұмыстан қысқартады

Tesla компаниясы 4 мың адамды жұмыстан қысқартады
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Tesla компаниясы қызметкерлерінің 9 пайызын жұмыстан шығармақ, деп хабарлайды Хабар 24. Шамамен 4 мыңға жуық адам қызметінен айырылайын деп отыр. Компания басшысы Илон Масктың айтуынша, бұл қадам шығынды азайтып, соңғы модельдегі көлік санын көбейту мақсатында жасалып отыр. Сондай-ақ мекеменің басқару құрылымы да өзгертілмек. 2018 жылдың алғашқы үш айында Tesla-ға 710 миллион доллар көлемінде шығын келген. The Wall Street Journal дерегі бойынша, компания осымен бесінші мәрте қомақты қаржы жоғалтып отыр.