Шымкентте судья сотталды

Шымкентте судья сотталды

Шымкентте судья сотталды
ашық дереккөзі
469
Маусымның 13-і күні Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал аудандық сотының судьясы Абай Ниязбековты мектеп директорынан "500 мың теңге пара алды" деп айыптап, төрт жарым жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Судья Еркебұлан Төлешов Абай Ниязбековті өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айыру жазасын кесіп, сот залынан қамауға алуға пәрмен берді. Бұдан соң Абай Ниязбеков сот залынан қамауға алынды. Сот үкімін тыңдауға сотталушы мен оның адвокаты келді. Абай Ниязбеков биыл қаңтардың 30-ы күні Мақтарал аудандық сотында өз кабинетінде "пара алып тұрған жерінде" ұсталған. Осы күнге дейін үйқамақта отырған ол Мақтарал ауданындағы Фердауси атындағы мектеп директоры Жанар Мамыровадан хатшысы Ерлан Сатыбалдиев арқылы "500 мың теңге пара алды" деген күдікке ілінген.

Серіктес жаңалықтары