Ким Чен Ын мен Дональд Трамп Сингапурға барды  

Ким Чен Ын мен Дональд Трамп Сингапурға барды  

Ким Чен Ын мен Дональд Трамп Сингапурға барды  
ашық дереккөзі
246
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның артынша АҚШ президенті Дональд Трамп 10 маусымда Сингапурға барған. Бұл "тарихи кездесу" 12 маусымда өтеді деп жоспарланып отыр. Екі елдің лидерін Сингапур сыртқы істер министрі Вивиан Балакришнан қарсы алды. Сингапурға кетіп бара жатып, Трамп көңіл-күйінің жарқын екенін мәлімдеді. Ол Киммен кездескен алғашқы минөттерде-ақ Солтүстік Корея лидерінің келісімге келуге дайын, дайын емес екенін сезетінін жеткізген. Егер жоқ болса, келіссөзге уақытымды шығындамаймын деп уәде берді Трамп. АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының кездесу мүмкіндігі биыл наурыз айында жария етілген. Көптеген дипломаттар осыдан кейін әртүрлі болжамдар айтып, кездесудің болатынына күмәндаған. Биыл сәуір айында АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпео Ким Чен Ынмен құпия кездескен. Кейін 9 мамырда ол АҚШ мемлекеттік хатшысы ретінде саммитке дайындық барысымен ресми түрде Пхеньянға барды. Бұл сапар кезінде Солтүстік Кореяда ұсталған үш америкалық азамат босатылған.

Серіктес жаңалықтары